10.02.2017, 21:07 7139

БҚО-да ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдауға 1,4 млрд теӊге несие бөлінбек

"Ынтымақ" несиелік өнімдері кооперативтерді қосымша қаржыландыруға бағытталса, "Игілік" мал басын көбейтуге, "Бірлік" сүт қабылдау орталықтарын, "Береке" бағдарламасы отбасылық бордақылау алаӊын құруға қызмет етпек.

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today -ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі алдына ауыл шаруашылығы кооперативтерін кеӊ ауқымда қолдау және жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту бағытында үлкен міндеттер қойылып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі өӊірлік филиалында ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өӊдеу департаменті стратегия және талдау басқармасыныӊ басшысы Нұрболат Мақашев мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" ҚР Заӊыныӊ өткен жылдыӊ қаӊтарынан күшіне енгеніне қарамастан, шаруалар кооперативтердіӊ экономикалық жағынан қаншалықты тиімді екендігін толық сезіне қойған жоқ.

Елбасы биылғы Жолдауында Үкімет пен әкімдерге бес жыл ішінде 500 мыӊнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тарту жөнінде тапсырма бергені мәлім.

Кооперация дегеніміз И ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді экономикалық тұрғыда біріктіру. Мұндағы артықшылықтардыӊ мәні мынада, еӊ алдымен еӊбек өнімділігі артып, өткізетін тауар мол болғаннан кейін өнімге сұраныс тұрақталады, өндіріс қуаты тиімді пайдаланылып, шығын азаяды, маркетингтік ақпаратқа қол жеткізіледі.

Еӊ бастысы, мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.Сондықтан әркім өз бетімен, жеке-жеке өмір сүрудіӊ тиімсіз екендігін түсінетін уақыт жетті. Одан да бірлесіп ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өӊдеуге бағыт ұстап, сүт өнімдерін қабылдайтын орталық құрылса немесе отбасылық бордақылау және мал сою алаӊдары ашылып, орталықтандырылса, ауыл тұрғындарыныӊ ұтатыны анық. "Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі "ҚазАгро" еншілес ұйымдары арқылы модульді сүт қабылдау және мал сою орталықтарын алғашқы жарнасыз лизингке беру сызбасын дайындады.

Бастапқы жарна ретінде инвестсубсидия (50 пайыз) және сатып алынған қондырғылар кепілге қойылады. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудыӊ 2017-2021жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында кооперативтерді дамыту бағытында мал шаруашылығы өнімдерін субсидиялаудыӊ жаӊа бағыттары қарастырылды. Мысалы, кооперативтерде өндірілген сүттіӊ бір литріне 10 теӊге, бордақыланған өгізшелердіӊ әр басына 20 мыӊ теӊге, қозыға 1500 теӊгеден төленеді. Сондай-ақ құрама жем өндірісін арзандату, біржылдық және көпжылдық жемшөп дақылдарын субсидиялау, биылдан бастап кооперативтерді қолдау мақсатында олардыӊ сатып алған құрал-жабдықтарына жұмсалған шығынныӊ 50 пайызын қайтару көзделген.

Оған қоса "Ынтымақ" несиелік өнімдері кооперативтерді қосымша қаржыландыруға бағытталса, "Игілік" мал басын көбейтуге, "Бірлік" сүт қабылдау орталықтарын, "Береке" бағдарламасы отбасылық бордақылау алаӊын құруға қызмет етпек. Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған шағын несие (18 млн. теӊге) 7 жылға берілмек",- деді Н.Мақашев. БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысыныӊ міндетін атқарушы Серік Нұрмағамбетовтіӊ мәлім еткеніндей, өӊірдіӊ бірқатар аудандарында қазірдіӊ өзінде кооперативтер құрылып, жұмыс жасауда. Алдағы уақытта олардыӊ аясы кеӊейе түседі деуге негіз бар. Себебі кооперативтерге біріккен жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында биыл Батыс Қазақстан облысына 1 млрд 474 млн теӊге бюджеттік несие бөлу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны