26.04.2017, 15:47 4833

"Даму" Қорыныӊ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы "Қаржылық сауаттылық апталығы" акциясын ұйымдастырды

"Даму" Қорыныӊ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы ұйымдастырған "Қаржылық сауаттылық апталығы" акциясы өз мәресіне жетті. Кәсіпкерлер үшін апта бойы шағын және орта бизнесті несиелендіруге бағытталған бағдарламалар жөнінде ақпараттық семинарлар ұйымдастырылды.

Қызылорда. 26 сәуір. Kazakhstan Today - "Даму" Қорыныӊ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы ұйымдастырған "Қаржылық сауаттылық апталығы" акциясы өз мәресіне жетті. Кәсіпкерлер үшін апта бойы шағын және орта бизнесті несиелендіруге бағытталған бағдарламалар жөнінде ақпараттық семинарлар ұйымдастырылды.

Акцияға облыс орталығындағы "Казкоммерцбанк" АҚ, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ, "ВТББанк" АҚ ЕҰ, "АТФБанк" АҚ, "ЦеснаБанк" АҚ, "БанкЦентрКредит" АҚ, "ForteBank" АҚ, "Сбербанк" АҚ ЕБ және "Еуразиялық Банк" АҚ аймақтық филиалдары қатысты. Бұл банктер "Даму" Қорыныӊ "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасын жүзеге асыру бойынша серіктестер болып табылады. ЕДБ мамандары кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта бизнес кәсіпорындарына несие беру механизмдері жөнінде толық баяндап берді. Қатысушыларға ұсынылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудыӊ аймақтық бағдарламасы, өӊдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындарды қолдау, Азиялық Даму Банкініӊ шағын және орта бизнесті дамыту бойынша инвестициялық бағдарламасы, "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасы аясында несие пайызын субсидиялау және кепілдендіру құралдарына таныстырылым жасалды. Банк мамандары несие өнімдерін таныстырып қана қоймай, сондай-ақ несие қаражаттарын тарту үшін жасалатын бизнес-жоспарлардыӊ ерекшеліктері жөнінде де айтып өтті.

Кәсіпкерлік бағытта алғашқы қадам бастаған стартаппер тәжірибеніӊ аздығынан несие алуда қиындық көреді. Банк менеджерлері бұл мәселеніӊ шешімі ретінде арнайы бастауыш кәсіпкерлердіӊ қаржыландыруға қол жеткізуіне қажетті маӊызды нұсқаулармен бөлісті. ВТБ (Қазақстан) Банкініӊ Қызылордалық филиалы директорыныӊ орынбасары Дәурен Сейітжановтыӊ сөзінше, кәсіпкерлер бизнеске енген сәттен бастап банкпен жұмыс жасауды үйренгені жөн және қаржы ұйымдары несиелендіруге үнемі ынталы болатындай бағалы клиент репутациясын қалыптастыруға тырысуы қажет.

- Несиелендіруден бас тартудыӊ басты себептерініӊ қатарында нашар несие тарихы, қанағаттанбайтын қаржылық жағдай немесе кепілдікпен қамтамасыз ете алмау секілді мәселелер тұр. Соӊғы мәселені "Даму" Қорыныӊ бөлшек кепілдендіру атты бірегей құралымен оӊ шешуге болады, ал теріс несие тарихына келсек, кәсіпкердіӊ банк алдындағы міндеттемесіне жауапкершілікпен қарағаны дұрыс, себебі болашақтағы қаржылық мүмкіндіктерін шектеуіне жол ашуы мүмкін, - деп өз ойымен бөлісті Дәурен Сейітжанов.

"Даму" Қорыныӊ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалыныӊ бас менеджері Анар Қожаниязованыӊ сөзінше, Қаржылық сауаттылық апталығын ұйымдастырудыӊ басты мақсаты кәсіпкерлер мен екінші деӊгейлі банктер арасында тығыз қарым-қатынас орната отырып, бизнес пен банктіӊ өзара жаӊа байланыс моделін қалыптастыру. Аталған іс-шараға қатыса отырып, кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарына тәжірибелі банк өкілдерінен түбегейлі әрі толық жауап алумен қатар, несие қаражатын алмастан бұрын егжей-тегжейлі зерттеу жүргізу, мекеме мүмкіндіктерін сараптау мен қаржыны қажет етенін айналым көлемін анықтау, сондай-ақ қарыз қаражатын тиімді пайдалануды бағалау жөнінде жоспар құру арқылы жобаныӊ табыстылығына көз жеткізген дұрыс деп кеӊес берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны