22.05.2018, 11:25 5130

Даниал Ахметов: "Алакөл демалыс аймағы халықаралық стандартқа сай абаттандырылуы тиіс"

Шығыс Қазақстан облысыныӊ әкімі Даниал Ахметов Үржар ауданына арнайы барып, Алакөл жағалауындағы абаттандыру жұмысыныӊ барысымен танысты. Сондай-ақ, облыста туризмді одан әрі жетілдіру және дамыту жөнінде кеӊес өткізді. Айта кетейік, Алакөлге облыстық бюджеттен 4,5 млрд. теӊге бөлінген. Алайда аймақ басшысы қаржыландыру бұнымен тоқтамайтынын жеткізді.

Өскемен. 22 мамыр Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысыныӊ әкімі Даниал Ахметов Үржар ауданына арнайы барып, Алакөл жағалауындағы абаттандыру жұмысыныӊ барысымен танысты. Сондай-ақ, облыста туризмді одан әрі жетілдіру және дамыту жөнінде кеӊес өткізді. Айта кетейік, Алакөлге облыстық бюджеттен 4,5 млрд. теӊге бөлінген. Алайда аймақ басшысы қаржыландыру бұнымен тоқтамайтынын жеткізді.

Қазіргі кезде Алакөл жағалауын дамытуға бағытталған бас жоспар бекітілген. Оныӊ негізінде электрэнергиясымен қамту, су тарту және жер мәселелері шешіледі.

Аймақ басшысы жерге заӊсыз иелік еткен кәсіпкерлерден оны реституция бойынша қайтаруды тапсырды. Бүгінде жағалаудағы көлеӊкелі бизнеспен күрес қарқын алды.

- Алакөл жағасын жақсарту жөнінде шаралар қолға алынбаған аумақтарда жерді мемлекет меншігіне қайтаруды ұсынамын, - деді облыс әкімі. - Мен барлық кәсіпкерлерді өздерініӊ конституциялық міндеттемелерін орындауға және салықтық қарыздарын төлеуге шақырамын. Ағымдағы жылдыӊ маусымынан бастап туристерге бақылау жүргізіледі және олардыӊ нақты саны бекітіледі.

Қазіргі уақытта жаяу жүргіншілер аймағында тамақтану орындары, балаларға арналған ойын және спорт алаӊдары жабдықталуда. Бұдан басқа қолжетімді таза ауыз су, дәретхана модульдері құрылуда. Орталықта шығармашылық кештер, сахналық қойылымдар мен би кештерін өткізуге арналған үш өлшемді шатыр конструкциялары орнатылды. Көше бойына ағаштар мен гүлдер отырғызылады. Сонымен қатар жағалауда инженерлік коммуникация желісін тарту жұмысы жүргізіледі.

Жаяу жүргіншілер аймағын аралап, жұмыс барысына бағасын берген Даниал Ахметов барлық ғимараттарды тәртіпке келтіруді, әсіресе, өрт қауіпсіздігі ережелері мен санитарлық-эпидемиологиялық нормалардыӊ сақталуын тексеруді тапсырды. Ал уақытша ғимараттар иелерініӊ тиісті құжаттарыныӊ бар-жоғы қатаӊ бақылауда болады.

- Заман талабына сай, көӊілге қонымды жоба болмайынша, ешкімге құрылысты бастауға рұқсат берілмейді. Бірде-бір шаршы метр жер тектен тек бөлінбейді. Заманауи жеке архитектуралық көрінісі бар сауықтыру орталықтарын көрсетіӊіздер, енді жобалардыӊ қабылдануын өз бақылауыма аламын. Көл жағалауына сапасы нашар және арзан материалдардан салынған үйлердіӊ құрылысын тоқтататын уақыт келді. Барлық істе тәртіп болуы қажет, - деді облыс басшысы.

Облыс әкімініӊ тапсырмасымен "Алакөл" демалыс базасында туристердіӊ қолайлығы үшін ақпараттық орталық құрылды. Онда барлық сауықтыру базалары мен судыӊ емдік қасиеттері туралы ақпараттар жинақталған. Сондай-ақ, бағыт-бағдары көрсетілген карталар да қол жетімді.Барлық ақпараттар қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде болады.

- Алакөл - xалқымыздыӊ байлығы. Ол xалықаралық стандартқа сай болуы тиіс. Деӊгейін көтеру үшін жұмыла әрекет етеміз. Бұдан былай жоғары деӊгейдегі, жайлы әрі сәнді қонақ үйлер салатын кәсіпкерлерді қана тартамыз. Біздіӊ мақсатымыз - қазақстандық туристерді ғана емес, шетелдіктерді де осы бірегей аймаққа тарту. Олар облыстыӊ бүкіл сұлулығын және қазақ халқыныӊ қонақжайлылығын көруі керек, - деп қорытындылады Даниал Ахметов.

Айта кету керек, биылдан бастап Алакөлге (Жалаӊашкөл ст.) Өскемен мен Семейден пойыз қатынайды. Билет құны 2800 теӊге. Қазіргі таӊда Мақаншы мен Жалаӊашкөл бағытындағы жолды орта жөндеу жұмысы қызу. Сондай-ақ, Қарабұлақ пен Қабанбай ауылдары арасындағы 16 шақырым бағыт та жөнделеді.

Алакөл жағалауы мен демалыс базаларындағы жаӊарту жұмысы 10 маусымға дейін аяқталып, туристерді жаӊа келбетпен қарсы алуға сақадай сай болмақ.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны