12.12.2017, 18:09 8564

Екінші Орталық Азия агротехнологиялық саммиті қорытындыланды

Халықаралық саммит жұмысы цифрлі технологияларға негізделген ауыл шаруашылығы, экономиканыӊ аграрлық секторындағы әлемдік тенденциялар, агробизнесте стартап жобаларды іске асыру, ауыл шаруашылығындағы маркетинг, мемлекеттік қолдау және аграрлық білім беру мәселелеріне арналды.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today -Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтыӊ агроөнеркәсіптік кешенді инновациялық бағытта дамыту тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақ ұлттық аграрлық университеті жыл сайын Орталық Азия агротехнологиялық саммитін ұйымдастырып келеді.

ҚазҰАУ базасындағы Агротехнологиялық хабтыӊ ұйымдастыруымен ағымдағы жылдыӊ 8-желтоқсан күні Алматыда"Intercontinental Almaty" отелінде кезекті"Central Asian AgTech Summit'2017" -екінші Орталық Азия Агротехнологиялық Саммиті өтті.

Халықаралық саммит жұмысы цифрлі технологияларға негізделген ауыл шаруашылығы, экономиканыӊ аграрлық секторындағы әлемдік тенденциялар, агробизнесте стартап жобаларды іске асыру, ауыл шаруашылығындағы маркетинг, мемлекеттік қолдау және аграрлық білім беру мәселелеріне арналды. Саммит бағдарламасында тақырыптық панельдік сессиялар, дөӊгелек үстелдер, стартап-жобалармен таныстыру, нақты кейстер ұйымдастырылды.

Агроөнеркәсіптік кешенніӊ келешегін сарапқа салған саммитке 137 жетекші кәсіпорын мен агроқұрылым, 108 мемлекеттік мекеме, 102 бизнес-құрылым, 44 ҒЗИ, 26 қаржы институт өкілдері, АҚШ, Германия, Қытай, Австрия, Жапония, Корея, Нидерланды, Италия және ТМД елдерініӊ жетекші ЖОО мен ғылыми орталықтарыныӊ мамандары, магистранттар, докторанттар қатысты.

Саммит қорытындысы бойынша отандық АӨК-ті инновациялық бағытта дамыту бойынша арнайы ұсыныс әзірленіп, ҚазҰАУ базасында озық білім мен ғылым трансфертін тартуға жаӊа мүмкіндіктер беретін тұрақты бағдарламаларды іске асыру бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ ұсынысы мақұлданды. Саммит қатысушылары республикаыӊ барлық өӊірлерінде ҚазҰАУ базасындағы Агротехнологиялық хаб филиалын құру туралы аймақ басшыларыныӊ ұсынысын бірауыздан қабылдады.

Халықаралық саммиттіӊ негізгі ұйымдастырушысы - Агротехнологиялық хаббүгінде шетелдік әріптестермен тығыз-қарым-қатынас орнатып, әлемдік стандарттарға сай, бірлескен инновациялық жобаларды тиімді жүзеге асыратын халықаралық инновациялық зерттеу орталығы болып табылады.

Қазіргі уақытта Агрохабтыӊ ауыл шаруашылығы ғылымы мен технологиялары бойыншаАҚШ ауылшаруашылығы департаменті, Колумбия, Корнель, Мичиган университеттері, Италияныӊ тұрақты ресурстар мен жаӊа технологиялар агенттігі сияқты ірі орталықтармен әріптестікті жан-жақты дамытып, Азия, Еуропаныӊдаму және Дүниежүзілік банктерімен байланыс орнатты.

Агрохаб Голландияныӊ Farm Frites, "Staay Food Group", БҰҰ-ныӊ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО), "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорымен, Аграрлық несие корпорациясымен, "Казахстан Ғарыш Сапары" Ұлттық ғарыш агенттігімен, еліміздіӊ белді ғылыми-зерттеу институттарымен бірлескен жобаларды іске асыруда.

Университеттіӊ аталған бағыттар бойынша ғылым, білім, өндіріс интеграциясын дамытуға негізделген жүйелі жұмыстарында Қазақстан Республикасыныӊ Ауыл шаруашылығы министрлігі қолдау көрсетіп келеді.

Саммит жұмысын ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик, ҚазҰАУ ректоры, академик Есполов Тілектес Исабайұлы маӊызды жиынныӊ модераторы ретінде агроөнеркәсіптік кешенді инновациялық бағытта дамыту мәселелері бойынша баяндама жасады. Ректор өз сөзінде агроөнеркәсіптік кешеніндегі әлемдік тенденцияларға тоқталып, саладағы жаӊа білім мен ғылым трансфертін тиімді іске асыру жәнезаман талабына сай ауыл шаруашылығын цифрлі технологиялармен қамтамасыз ету мәселелерін атап көрсетті.

Пленарлық отырыста ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - ҚР Ауылшаруашылығы министрі А.И.Мырзахметовтыӊ атынан - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігініӊ жауапты хатшысы Е.Көшербаев, "НұрОтан" партиясы Төрағасыныӊ орынбасары М.А.Құл-Мұхамметтіӊ атынан - "Нұр Отан" партиясыныӊ идеологиялық мәселелер бойынша хатшысы Ф.Қуанғанов, Алматы қаласы әкімі Б.Қ.Байбектіӊ атынан - орынбасары А.Мәдиевсөз сөйлеп, саммит жұмысына табыстар тіледі.

Сонымен қатар ҚР Парламент Сенатыныӊ депутаты А.Нұралиев, Мәжіліс депутаты И.Смирнова, Қазақстанныӊ ИИК генерал-майоры, Қазақстанныӊ Халық қаһарманы, Қазақстандық ғарышкер А.Айымбетов сынды тұлғалар да өз тілектерін жеткізді.

Пленарлық отырыста АҚШ президенттері Джордж Буш пен Барак Обаманыӊ технологиялар жөніндегі экс-кеӊесшісі, доктор Томас Селлучи ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Ол жаӊа технологияларды коммерцияландыру үшін, еӊ алдымен, тұтынушылармен өзара тиімді серіктестікті орнатып, аграрлық нарық қажеттіліктеріне бейімделген әзірлемелерді ғана ұсыну қажеттігін атап өтті. Коммерцияландыруды тежеуші факторлардыӊ бірі - ғылыми зерттеу нәтижелерініӊ өндіріске қол жетімсіздігі. Оныӊ айтуынша, коммерцияландыруға тек жаӊа технологиялар мен жаӊа өнімдер ғана жатады және оларды өндіріске жедел енгізіп отыру керек.

Қазақстандағы Азия даму банкініӊ Тұрақты өкілдігініӊ директоры Джованни Капаннелли саммитке қатысушыларды АӨК-ін дамыту және оныӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған банкбағдарламаларымен таныстырды. Ол тәжірибемен алмасу алаӊына айналып, шұғыл жағдайларда жедел әрекет етуге қажетті ақпараттар ағымымен дәл уақытында алмасуды қамтамасыз етеді. Су хабыныӊ қызметі су ресурстарын қорғауға, су балансы, жердіӊ тозуы мен топырақтыӊ сортаӊдалуы, мелиорация, суландыру, қуаӊшылық, өӊірдегі тұщы судыӊ көлемініӊ, өзендегі су деӊгейініӊ төмендеуі бойынша сұрақтарды талқылауға сарапшыларды орталықтан тартуға, сондай-ақ барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдарды оқыту мен ақпараттандыруды қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Агротехнологиялық хаб директоры Марат Бексұлтанов жаӊа технологияларды іздеуге, тартуға және әзірлеуге, жаӊа жұмыс орындарын құруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ынталандыруға, ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға, аграрлық сектордағы жаӊа технологияларды импорттауға басты назар аударды.

Мичиган штаты Университетініӊ жаһандық өзгерістер мен Жерді бақылау Орталығыныӊ жетекшісі, Қытайдағы бағдарламалар офисініӊ директоры Джиягуо Чи саммитке қатысушыларға климатөзгерісініӊ су, энергетика ресурстарына және ауылшаруашылық өнімдерді өндіруге әсер ететіні туралы айтты. Оныӊ ойынша, 8 жаһандық мәселе бар. Еӊ басты мәселе- табиғи ресурстардыӊ шектеулігі жағдайында бүкіл жер тұрғындарын тамақтандыру қажеттігі. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйедегі жаһандық өзгерістердіӊ болып жатқанына, сондай-ақ Арал теӊізімәселесімен қатар, басқа да жедел шешімді талап ететін өзекті сұрақтарға тоқталды. Бұл мәселелерді шешу үшін білімніӊ әр түрлі саласындағы интеграцияланған прогрессивті идеялар, инновациялық тәсілдер мен технологиялар қажет.

Бұл тақырыпты Азия Даму Банкініӊ кеӊесшісі Пламен Бозаков (Lahmeyer International GMBH, Германия) жалғастырып, ол су ресурстарын басқарудыӊ интеграцияланған әдісі туралы айтты.

АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ ұлттық ресурстарды сақтау Агенттігініӊ орман және жайылым гидрологиясы бойынша жетекші доктор Кен Спает АҚШ-та жайылымдық жерлерді бағалау және мал азығы ресурстарын басқарудағы цифрлы құралдарды қолдану (жайылымдық гидрология мен эрозияныӊ моделі, топырақ құрамын зерттеу және т.б.) туралы әӊгімеледі.

АҚШ-ӊ Мичиган штаты Университетініӊ жаһандық өзгерістер мен Жерді бақылау Орталығыныӊ профессоры Джикуан Чен өсімдік шаруашылығындағы тәуекелдерді азайтуға бағытталған сұрақтарға тоқталды. Ол климаттыӊ, жерді пайдаланудыӊ және жаһанданудыӊжылдан жылға өзгеріп жатқан жағдайында Қазақстандажергілікті әлеуметтік-экономикалық жүйелердіӊ тұрақтылығын болжаудыӊ тәуелсіз және интеграцияланған жүйесін әзірлеу орынды деп санайды. Ол үшін модельдеу және болжау, ауылшаруашылық жүйелердіӊ өмірлік циклін бағалау жүйелерін кеӊінен қолдану қажет.

АҚШ-тыӊ Корнель университетініӊ өсімдіктерді генетикалық зерттеу бөлімініӊ жетекшісі Дженнаро Фазио корнель селекциясыныӊ еӊ үздік екпелері негізінде ҚазҰАУ-дыӊ Агрохабымен бірлесіп "virus free" алмасын отырғызу материалыныӊ тұрақты өндірісі үшін тәлімбақ құру бойынша ғылыми жобасы туралы айтып берді. Бұл тәжірибені Қазақстан жағдайларында қолдану алманыӊ бактериалдық күйік және басқа ауруларыныӊ алдын алуға мүмкіндік береді.

БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымыныӊ (ФАО) Инвестициялық Орталығыныӊ агробизнес бойынша жетекшісі Инна Пунда Қазақстан үшін де өзекті болып табылатын сүт сапасыныӊ мәселелеріне тоқталды. Ол ҚазҰАУ базасында сүт өнімі сапасын стандарттау және сүттіӊ сапасы бойынша референттік (төрелік) зертхананы құру қажетілігін атап айтты. Ол үшін университетте біліктілігі жоғары және тәжірибесі мол кадрлар жинақталған.

"Агробизнесті қаржыландыру және оны дамыту" сессиясы қатысушылардыӊ қызығушылығын тудырды. Еуропалық Қайта құру және Даму Банкініӊ (ЕҚДБ) өкілдері Решетник Т. және Калмаматова Н. банктіӊ фермерлерді және ауылшаруашылық тауарөндірушілерді өнімніӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шағын бизнестіӊ дамуына ықпал ету бағдарламаларымен таныстырды және банк пен аграрлық кәсіпорындардыӊ ынтымақтастығыныӊ оӊтайлы мысалдарымен бөлісті.

"Егістердіӊ фитосанитарлық жағдайын оӊтайландыру есебінен ауылшаруашылық дақылдардыӊ түсімділігін арттыру", "Адал сүт" ЖШС компаниясыныӊ сатылымдарыныӊ тиімді жүйесін құру" жобалары әзірленген және орындалуда.

"Полимедиа" ЖШС ақпараттық жүйелері бағытыныӊ жетекшісі Николай Муравьев (Ресей) ауылшаруашылық нысандарын тиімді басқару үшін цифровизация бойынша жағдайға байланысты орталықты (ситуационный центр) құру және оны пайдаланудыӊ келешегі бар екенін атап айтты. Құрылған орталық ҚазҰАУ агроөнеркәсіптік кешендегі барлық үдерістерді тиімді басқаруға және ақпараттарды жедел алып отыруға мүмкіндік береді. Бұл жерде деректерді алу жылдамдығы көпесе артады.

"Almaty Tech Garden" компаниясыныӊ басқарушы директоры Асқар Айтуов өз баяндамасында АӨК үшін кадрларды дайындау туралы, яғни болашақ маман өзі таӊдаған мамандығына қарамастан, нарыққа дайын кәсіпкер болып шығуы қажеттігін айтты. Бұған ҚазҰАУ-дағы стартап-жобаларды ұйымдастыру ықпал етпек. Мысалы, "Flyworx" компаниясы - дрондарды қолдану арқылы ауылшаруашылық жерлерін қашықтықтан барлаумен, "GreenPoint Marketing" - талдау және маркетингтік зерттеумен, "UrbanGreen" - қалалық типтегі инновациялық жылыжайларды іске қосумен, "DragonFly" - дрондарды қолдануға және оларды жинақтап жасауды үйретумен айналысады. Сондай-ақ, "Айболит" - жедел ветеринарлық көмек көрсету, "Аквакультура", "Экопробиотиктер", "Шаруашылық деректері базасында компьютерлік модельдеу" және т.б. стартаптар жұмыс жасайды.

Саммит жұмысы барысында проректор Қанат Искаков жетекшілік ететін Еуразия технологиялық университеті стартаптары және MOST Бизнес-инкубаторыныӊ жетекшісі Алима Хамитованыӊ жобалары көрсетілді.

"Бизнестіӊ жол картасы - 2020" аясында "Даму" Қоры ауылшаруашылық өнім өндірісі мен өӊдеу саласында шағын және орта бизнесті қолдау құралдары туралы баяндады. Жалпы, Қор агроөнеркәсіптік кешенді қолдау саласында 396,4 млрд. теӊге көлемінде 2048 жобаға қолдау көрсеткен. Осы бағытта Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Оӊтүстік Қазақстан облыстарында жоғары экономикалық тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізілген.

"EurasiaGroup" компаниясыныӊ өкілі Василий Деменков "Нақты егіншілік: ақылды техниканы қолданудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" тақырыбындағы ауылшаруашылық менеджмент жүйесін ұсынды. Аталған жүйені қолдану өндіріс үрдісін барынша жоғары деӊгейде басқаруға, жоспарлауға және талдауға, еӊбек өнімділігін арттыруға, өнімніӊ өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік туғызады.

"AppleWorld" ЖШС жобалау менеджері Арсен Рысдаулетов "AppleWorld" мысалындағы үдемелі бақша шаруашылығы" баяндамасында жыл сайын үш оӊтүстік облыста мыӊдаған гектар аумаққа алма, жидек, сүйекті дақылдар отырғызылады. Бұл жерде отырғызылатын көшеттіӊ сапасы, үдемелі бақша шаруашылығыныӊ мамандармен қамтамасыз етілуі, өсімдік қорғау құралдары мен фертигация әдістерініӊ орны зор. Жеміс шаруашылығын кеӊінен тарату және дамыту мақсатында Агротуризм, "Алманыӊ гүлдеуі", "Алма өінімі", "Жеміс-көкөніс Pop-Up жәрмеӊкелері" секілді үгіт насихат шараларын ұйымдастыру қажет.

Қазақстандағы Ет одағыныӊ төрағасы Мақсұт Бақтыбаев елдегі малшаруашылығыныӊ даму жағдайы туралы баяндады. Бүгінде мемлекет те, инвесторларда осы саланы қолдауда.

Орталық Азияныӊ Өӊірлік экологияорталығы бағдарламаларыныӊ менеджері Тахмина Азизова өӊір экономикасыныӊ даму мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, Орталық Азияда 60 млн. адам тұрады, 2050 жылға қарай осы көрсеткіш 90 млн. адамға жетеді. Климаттыӊ өзгеруіжәне инфрақұрылым дамуыныӊ төмен деӊгейіне байланысты жалпы өнім 1% өсетін болса, өӊірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мәселелер туындайды. Сондықтан ауылшаруашылығы саласына ресурстардыүнемдеу технологияларын кеӊ қолдану қажет.

Саммит барысында мамандар инновациялық иедяларын ортаға салды, ноу-хоу жаӊалықтар көп болды, әрбір қатысушы көкейіндегі сұраққа жауап тапқан шын мәніндегі іскерлік пікір алмасу болды. Илемдік деӊгейдегі білікті мамандармен бірлесе атқарылып отырған мұндай ауқымды шаралар еліміздегі ауылшаруашылық өндірісті тұрақты дамытуға, әлемдік нарыққа шығатын, экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті өнімді арттыруға ықпал етіп, елдіӊ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге едәуір септігін тигізбек.

Саммит қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінеотандық АӨК-ті инновациялық бағытта дамыту бойынша арнайы ұсыныс әзірленіп, ҚазҰАУ базасында озық білім мен ғылым трансфертін тартуға жаӊа мүмкіндіктер беретін тұрақты бағдарламаларды іске асыру бойынша АҚШ Ауылшаруашылығы министрлігініӊ (USDA) ұсынысы мақұлданды. Саммит қатысушылары аймақ басшыларыныӊ республиканыӊ барлық өӊірлерінде ҚазҰАУ базасындағы Агротехнологиялық хаб филиалын құру туралы ұсынысын бірауыздан қабылдады.Үшінші Агротехнологиялық саммит келесі 2018 жылдыӊ желтоқсанына жоспарланды, деп хабарлайды Үкілай КЕРІМҚЫЗЫ, ҚазҰАУ Стратегиялық зерттеу және агробизнес орталығыныӊ жетекшісі, экономика ғылымыныӊ докторы, профессор.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны