17.02.2017, 21:58 6280

ЭКСПО-2017 кәдесый өнімдерініӊ тұсаукесері өтті

Бұл тауарлар Көрме аумағындағы фирмалық дүкендерде, ел арасында лицензиаттардыӊ дистрибьютерлік жүйесі, сондай-ақ әуежай, темір жол вокзалы, ірі сауда ойын-сауық орталықтары арқылы сатылатын болады. Барлық тауарлар өндіруші компания есебінен жасалады.

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan Today - 16 ақпан күні "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ қызметкерлерініӊ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг берді. Коммерциялизациялау департаментініӊ директоры Дәулет Еркімбаев ЭКСПО-2017 кәдесый өнімдерін көрсетті.

"2016 жылдыӊ тамыз айынан бастап компания ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі лицензиаттарын таӊдау шарасы өткізілген болатын. Бұл ел арасында, сондай-ақ шетелдерде сатылатын халық пайдаланатын кеӊ көлемді тауарларға қатысты. Еӊ маӊыздысы, фирмалық тауарлар арқылы көрме туралы естелік қалдыру" - деді Д.Еркімбаев. Ықтимал лицензиаттар үшін әр түрлі тауарлар тізімі ұсынылған. Бүгінгі таӊда мынадай категориялар бойынша: ағаштан жасалған өнімдер, теріден жасалған өнімдер, шағыр кәдесый өнімдері, мобильдік аксесуарика, полиграфия, ойыншықтар, ересектер мен балалар киімдері, зергерлік бұйымдар, іскерлік аксессуарлар, кондитерлік өнімдер, музыкалық құралдар, коллеционерлер үшін тауарлар және тағы да басқа көптеген тауарларға ұсыныстар қабылданады. Толығырақ www.expo2017astana.comсайтынан көруге болады. Бұл тауарлар Көрме аумағындағы фирмалық дүкендерде, ел арасында лицензиаттардыӊ дистрибьютерлік жүйесі, сондай-ақ әуежай, темір жол вокзалы, ірі сауда ойын-сауық орталықтары арқылы сатылатын болады. Барлық тауарлар өндіруші компания есебінен жасалады.

Бүгінгі таӊда 110 түрлі көпшілік пайдаланатын өнімдеріді шығаруы анықталған комиссияныӊ алдын-ала қарауынан 13 компания өтті.

"Қазірде 70 өнім бойынша тауарлар үлгісі әзірленіп, бекітілді, оныӊ кейбірін алдарыӊызға ұсынып отырмыз. Лицензиаттарды таӊдау рәсімі ай сайын жүргізілуде. Өтінімдер 2017 жылдыӊ наурызына дейін қабылданады" - деп ақпараттандырды Д.Еркімбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны