16.11.2018, 19:29 4096

"Еӊбек" бағдарламасы аясында 37,2 мыӊ адамды оқыту жоспарланып отыр

"Еӊбек" бағдарламасы аясында Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша жыл сайынғы жоспар 20,3 мыӊ адамды құрайды. Бұл шара оқу орнына түспеген мектеп түлектерін бірінші жұмысшы кәсіппен қамтамасыз етуге бағытталған.

Астана. 16 қараша. Kazakhstan Today - "Еӊбек" бағдарламасы аясында Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша жыл сайынғы жоспар 20,3 мыӊ адамды құрайды. Бұл шара оқу орнына түспеген мектеп түлектерін бірінші жұмысшы кәсіппен қамтамасыз етуге бағытталған.

Ағымдағы жылғы 1 қазанға 19 823 адам оқуға жолданды. Қысқа мерзімді оқытуға 38 407 адам жіберілді, оныӊ 27 720 оқуды аяқтап, 15 695 жұмысқа орналасты. Осылайша жұмысқа орналасу 57 пайызды құрады. Жұмысқа орналасу бойынша еӊ жоғары көрсеткіште 89 пайызбен Қостанай, 85 пайызбен Ақмола облыстары тұр. Ал еӊ төменгі көрсеткіште - Алматы қаласы- 23 пайызды, Астана қаласы 13 пайызды құрап отыр.

Бұдан басқа, Бағдарламаға қатысушыларға колледждердіӊ және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ оқу орталықтарыныӊ базасында қысқа мерзімді курстар шеӊберінде қосымша мамандық (кәсіп) алу мүмкіндігі беріледі.Биылғы жылы 37,2 мыӊ адамды оқыту жоспарланып отыр. Есепті кезеӊге оқуға 38,4 мыӊ адам немесе жоспардыӊ 103 %-ы жіберілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны