19.07.2017, 21:47 4904

Ескі көліктерді жою бағдарламасы бойынша 119 жеӊілдік сертификаты берілді

Тозған көлікті өтікізіп, жеӊілдік сертификатын алу Бағдарламасы бойынша Павлодар қаласы алда тұр. Аталған қалада 43 көлік тапсырылған. Екінші орында 27 көлік өткізген Қостанай қаласы.

Астана. 19 шілде. Kazakhstan Today - Ескі көліктерді жоюға өткізіп, жаӊа көлік сатып алуға жеӊілдік сертификатын беретін Бағдарлама басталғаннан бері (2017 жылдыӊ 26 маусым мен 18 шілде аралығында) ӨКМ Операторы 119 жеӊілдік сертификатын берді. Табысталған сертификаттыӊ 26-сы отандық өндірушіден 16 су жаӊа автокөлік сатып алуға пайдаланылған. Екі сертификатты қосу (315 000 теӊге + 315 000 теӊге = 630 000 теӊге) арқылы 10 жаӊа көлік сатып алынған.

Тозған көлікті өтікізіп, жеӊілдік сертификатын алу Бағдарламасы бойынша Павлодар қаласы алда тұр. Аталған қалада 43 көлік тапсырылған. Екінші орында 27 көлік өткізген Қостанай қаласы. Үздік үштікті 7 машина тапсырған Алматы қаласы түйіндеген. Жоюға тапсырылған көліктіӊ 104 жеӊіл, 17 жолаушылар және 1 жүк көлігі. Жеӊілдік сертификаты бойынша өткізілген техникалардыӊ шығарылған жылы 1980 - 1993 ж аралығын қамтиды.

Жеӊілдік сертификаты бойынша қабылданған ескі көліктер кестесі (санаты бойынша бөлек көрсету)

№ Елді мекен Санат КҚ маркасы Жеӊілдік сертификатыныӊ көлемі

1 ҚР 17 аймағы М1 ( жеӊіл көлік) 104 бірлік 315 мыӊ теӊге

2 Петропавл N1 Газ-52-04 450 000 тг

3 Петропавл N1 Газ-52-05 450 000 тг

4 Көкшетау N1 Газ-52 450 000 тг

5 Павлодар N1 Газ-52 450 000 тг

6 Ақтөбе N1 Газ-52 450 000 тг

7 Ақтөбе М2 S|g 6600 450 000 тг

8 Қызылорда М2 РАФ-2203 450 000 тг

10 Семей М2 Газ 2705 (Газель) 450 000 тг

11 Қостанай М3 Neoplan 650 000 тг

12 Алматы М2 Mersedes-Benz 100D 450 000 тг

13 Алматы М2 Mersedes-Benz 450 000 тг

14 Қостанай М2 РАФ 22031 450 000 тг

15 Көкшетау М2 Газ-32213 450 000 тг

16 Шымкент N1 Газ-52 450 000 тг

17 Астана N1 Газ-52-04 450 000 тг

18 Қостанай N1 Газ-52 450 000 тг

19 Алматы N2 Зил ММЗ 554 450 000 тг

20 Орал N1 Газ-52-01 450 000 тг

21 Қызылорда М 2 РАФ -2203 450 000 тенге

22 Семей М 2 ГАЗ 2705 450 000 тенге

23 Көкшетау M 3 Neoplan HAINGE 650 000 тенге

24 Көкшетау N 1 ГАЗ 5205 450 000 тенге

25 Көкшетау N1 ГАЗ 5205 450 000 тенге

26 Петропавл N1 ГАЗ 5204 450 000 тенге

Ескі көліктерді жоюға өткізіп, жаӊа көлік сатып алуға жеӊілдік беретін сертификат Бағдарламасын жүзеге асыруға ҚР энергетика Министрлігі тиісті квота қарастырды:

М1 санаты (жеӊіл автокөлік) бойынша - 20 мыӊ ескі көлік,

M2, N1, N2 санаты (жолаушылар және жүк көлігі) бойынша - 1836,

M3, N3 жолаушылар (5 тоннадан жоғары) және жүк көлігі (12 тоннадан жоғары) - 1164.

Ескі көліктерді жоюға тапсырып, жаӊа көлік сатып алуға жеӊілдік беретін сертификат Бағдарламасы 2017 жылдыӊ 26 маусым айынан бастап іске қосылды. Бағдарлама талабы бойынша жеӊіл көліктен бастап, жолаушылар және жүк машиналары қабылданады.

Бағдарлама бойынша екі сертификатты біріктіріп, кез келген санаттағы көлік құралын сатып алуға болады. Және де берілген сертификатты өзге тұлғаныӊ атына екі реттен артық қайта тіркеуге болмайды. Сертификат берілген күннен бастап 12 айға жарамды. Бүгінгі таӊда ӨКМ Операторы тозығы жеткен көлік құралдарын сатып алу және сертификат беру Бағдарламасы бойынша бас аяғы - 27 712 автокөлік қабылдады.

ӨКМ Операторыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны