10.12.2018, 02:05 8363

"Хайвилл" компаниясы Түркістанда 10 гектар аумаққа тұрғын үй кешенін салмақ

"Біз 5-10 гектарға аумаққа жаӊа заманауи кешен салуды жоспарлап отырмыз. Бұл жоба облыс орталығыныӊ жаӊа келбетіне көрік беретін болады. Жуық арада барлық құжаттаманы әзірлеп, құрылыс жұмыстарына кірісеміз",- деді ол.

Түркістан. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев "High Vill Kazakhstan" ЖШС-ніӊ Бас директоры Канг Джон Дэмен кездесті. Басқосуда тараптар облыс орталығында тұрғын үй кешенін салу мәселесін талқылады.

Кездесуде аймақ басшысы Түркістан қаласыныӊ дамуы Елбасыныӊ ерекше назарында екенін және мұнда құрылыс жұмыстарымен айналысатын мердігер компанияларға әкімдік тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін айтты.

"Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен облыс орталығын ерекше үлгіде қалыптастыруды көздеп отырмыз. Сондықтан мұнда салынатын әрбір ғимараттыӊ сәулеті мен сәніне ерекше мән берілуде. Бүгінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, "Риксос" қонақүйі мен әкімшілік орталықтыӊ капсуласы салынды. Осы ретте, сіздердіӊ де осында заманауи үлгідегі тұрғын үй кешенін салатындарыӊызға үлкен сенім білдіремін. Ал, құрылыс жұмыстары жүргізілетін аумақтағы барлық инфрақұрылым мәселелері әкімдік тарапынан өз шешімін табатын болады. "High Vill Kazakhstan" серіктестігі - әзірге қаламызда тұрғын үй кешенін салатын бірінші және жалғыз компания. Айта кетерлігі, құрылыс жұмыстарын мейлінше ерте бастап, 1 жылдыӊ ішінде аяқтау керек", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Өз кезегінде Канг Джон Дэ тұрғын үй кешенін салу үшін жер учаскесі анықталса, құрылысты бастап кетуге дайын екенін жеткізді.

"Біз 5-10 гектарға аумаққа жаӊа заманауи кешен салуды жоспарлап отырмыз. Бұл жоба облыс орталығыныӊ жаӊа келбетіне көрік беретін болады. Жуық арада барлық құжаттаманы әзірлеп, құрылыс жұмыстарына кірісеміз",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны