17.12.2017, 19:16 4624

Халық банктіӊ Директорлар кеӊесі Қазкоммерцбанкпен кезеӊ-кезеӊмен өтетін интеграцияны мақұлдады

Халық банк пен Qazkom-ныӊ интеграциясы тиісті процедуралар іс-жүзіне асқан соӊ және бақылаушы тарапынан келісім алынғаннан кейін кезеӊ-кезеӊмен іс-жүзіне асатын болады.

Алматы. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 15 желтоқсанда "Қазақстанныӊ халық банкі" АҚ-ы және "Казкоммерцбанк" АҚы (бұдан әрі, Халық банк және Qazkom) Халық банктіӊ Директорлар кеӊесі Qazkom-ды Халық банкіге қосу арқылы қос банктіӊ бірігу жобасын мақұлдағаны жөнінде хабарлайды.

Халық банк пен Qazkom-ныӊ интеграциясы тиісті процедуралар іс-жүзіне асқан соӊ және бақылаушы тарапынан келісім алынғаннан кейін кезеӊ-кезеӊмен іс-жүзіне асатын болады.

"Халықаралық консультанттармен өткен бес айдыӊ ішіндегі еӊбекті жұмыстыӊ нәтижесінде біз бұл мәміленіӊ масштабы тарапынан да, Қазақстанныӊ, сондай-ақ мен іргелес жатқан елдердіӊ экономикасына көрсететін әсері жағынан да потенциалы зор екенін сеніммен айта аламыз. Қос банктіӊ бірігуі қаржы тобыныӊ одан әрі дамуы үшін еӊ ұтымды нұсқасы болып табылады. Жаӊа стратегияныӊ түйіні - қос банктіӊ еӊ ұтымды, мықты тұстарын біріктіру. Біз тек үздік жобаларды аламыз, яғни ел бойынша дамыған банктік инфрақұрылымды және Халық банктіӊ үздік тәуекел-менеджментін, Қазкомныӊ заманауи технологиялары мен клиенттік сервистіӊ стандарттарын, сондай-ақ қос банктіӊ бәсекелестік өнімдері мен қызметтері, миллиондаған клиенттерге қызмет көрсетудегі білім мен тәжірибені қолданатын боламыз", - деді Халық банк басқармасыныӊ төрайымы Үміт Шаяхметова.

Qazkom-ныӊ Халық банкіге бірігуі қос банктіӊ технологиялық және сервистік дайындықтары қамтамасыз етілген соӊ аяқталады деп жоспарланған. Бұл шараларға қос банктіӊ өнімдерін, рәсімдері мен үдерістерін сәйкестендіру және IT-жүйелері мен инфрақұрылымдарын біріктіру жұмыстары кіреді.

"Біз елдегі еӊ ірі банкті құрудағы қос банктіӊ бірігуі клиенттердіӊ несиеге және өнімдердіӊ кеӊ түріне қолжетімділігі арта түседі деген ойдамыз. Ал, бұл өз кезегінде бизнес пен экономиканыӊ дамуын қосымша ынталандыруын қамтамасыз етеді. Халық тобыныӊ инвестициялық мүмкіндіктері бізге Қазкомныӊ "ноухау" және жетекші жұмыстарын одан әрі белсенді түрде дамытуға мүмкіндік береді. Бұныӊ барлығы бізге технологиялық көшбасшылық пен қызмет көрсетудегі сапалылықты сақтауға және одан нығайтуға сенімділікті арттырады", - деді өзі сөзінде Қазкоммерцбанк басқармасыныӊ төрағасы Ульф Вокурка.

Интеграция үдерісі кезінде қос банктіӊ клиенттері үшін жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында негізгі екпін Халық банк пен Қазкоммерцбанктіӊ барлық сервистерініӊ үздіксіз жұмысына бағытталады.

Қос банк сервистерініӊ сапалылығын жақсарту жұмыстары негізінен 2017 жылғы шілдеде банкоматтық желілердіӊ бірігуінен басталған болатын. Кейіннен Халық банк пен Қазкоммерцбанк карталық бизнесте бірнеше жобаларды іске асырды. Олар: QR-төлемдері мен Halyk Light + Homebank Orange тұтынушылық кредиттеу бағдарламалары. Жақын арада банктер нарыққа ақша аударымдары мен интернетте карталық төлемдердіӊ жаӊа қызметтерін шығарады, Халық банк қызметіндегі кәсіпкерлер үшін жаӊа онлайнбанк пен оныӊ мобильді қосымшасын іске қосады. Банктер клиенттерге барынша ыӊғайлы болуы үшін және оларға бірлесудіӊ тиімді жақтарын жеткізу үшін барынша күш-жігерін жұмсайды.

Halyk Group

Halyk Group - ТМД елдерініӊ жеке қаржы институттарыныӊ актив көлемі бойынша үшінші орынды иеленетін Қазақстанныӊ ірі жетекші қаржы тобы. Halyk Group қаржы тобыныӊ құрамында Halyk Bank, Qazkom және Altyn Bank әмбебап коммерциялық банктер, сондай-ақ бөлшек сауданы, ШОБ және корпоративті банктік қызметтерді, сақтандыруды, лизингті, активтерді басқару және брокерлік қызметтерді ұсынатын компаниялар бар. Сонымен қатар Halyk Group Қазақстаннан өзге шет елдерде: Ресейде, Грузияда және Қырғызстанда қызмет көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны