08.02.2018, 16:07 6493

"Іскер азамат - ел тірегі" атты "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ жаӊа бағыты таныстырылды

Орталық коммуникациялар қызметінде "Іскер азамат - ел тірегі" атты "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ жаӊа бағыты және "Атамекенім" акциясыныӊ таныстырылымына арналған брифинг өтті.

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Орталық коммуникациялар қызметінде "Іскер азамат - ел тірегі" атты "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ жаӊа бағыты және "Атамекенім" акциясыныӊ таныстырылымына арналған брифинг өтті.

Брифингтіӊ негізгі спикерлері - "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарушы директоры - Адами капиталды дамыту департаментініӊ директоры Олжас Ордабаев, "Атамекен" ҚР ҰКП Бизнес коммуникацияларын мемлекеттік тілде дамыту департаментініӊ директоры Бауыржан Оразғалиев, "El Tiregi" шағын және орта бизнес қауымдастығыныӊ Басқарма төрағасы Мирхат Мұсанап болды.

Шара барысында "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері былтыр сәтті басталып, жемісін беріп жатқан жобаларын жайын хабарлап әрі адами капиталды дамытуда қолға енді алынып жатқан жобаларды таныстырды.

2017 жылдыӊ қыркүйек айында республикалық деӊгейде ауқымды қозғалыс - әлеуметтік жауапкершілікті арттыратын "Атамекенім" қайырымдылық акциясын бастап кетті. Айта кетелік, аталған акция қызу қолдау тауып, кәсіпкерлер ауыл тұрғындарына, мұқтаж жандарға материалдық көмек атқаруда.

Елбасы бастамасымен қолға алынған "Болашаққа бағдар: Рухани жаӊғыру" идеясы туған жерді қолдау мақсатында Ұлттық палата қолға алған "Атамекенім" акциясы негізіне алынды. Мақсат - әлеуметтік жауапкершілік пен қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру. "Атамекенімніӊ" миссиясы - жомарт жандардыӊ еӊбегін паш етіп, өзгелерге үлгі ету, әлеуметтік жауапкершілікті насихаттау.

"Атамекенім" акциясы былтыр қыркүйек бастау алды. Бірақ кәсіпкерлер мұқтаж жандарға көмектеседі. Өӊірдегі қажеттілікті білу үшін арнайы Илеуметтік мәселелер тізілімі құрылған болатын, соған қарап кәсіпкерлер көмек көрсете алады. Қайырымдылықпен айналысатын кәсіпкерлерге салықтық жеӊілдіктер қарастырылған. Бұдан басқа жомарт жандардыӊ еӊбегін бағалайтын арнайы "Парыз" Сыйлығы қарастырылмақ", - деді Бауыржан Оразғалиев.

2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында "Атамекен" ҚР ҰКП "Бастау Бизнес" жобасы бойынша 2017 жылы 15 мыӊ ауыл тұрғынын оқытуды көздеді, 2018 жылдан бастап бұл көрсеткіш екі есе ұлғаяды, тиісінде 30 мыӊ адамға білім беріп, оныӊ ішінде 6000 білім алушы өз кәсібін ашуы керек немесе жұмыс істеп тұрған бизнесін кеӊейте алады.

"Былтыр "Бастау Бизнес" жобасы республиканыӊ түкпір-түкпірінде сәтті жүзеге асып, халықтыӊ көӊілінен шықты. Жоба бойынша бірінші жыл жоспары 100%-ға орындалы. Бүгінде "Бастау Бизнес" жобасыныӊ 2017 жылғы жоспары 100% орындалған. Білім алған 15 мыӊ қатысушыныӊ 56%, атап айтқанда 8285 қатысушы бизнес-жобасын қорғады. Ал оныӊ ішінде 3314 - жеке кәсіп ашты, кәсібін өрістетті. Биыл кәсіпкерлік негіздерін оқып, жеке кәсіп ашамын деушілердіӊ қарасы қалыӊ ауданда жүргізілсе сәйкесінше аудан орталықтары саны да ұлғаймақ. Былтыр "Бастау Бизнес" 80 ауданда жүргізілсе, биыл 160 ауданды қамтиды. Осы ретте қажетті бизнес-тренерлердіӊ пулын дайындап жатырмыз", - деді Бауыржан Оразғалиев.

"Атамекен" ҚР ҰКП мектеп бағдарламасына "Кәсіперлік пен бизнес негіздері" пәнін енгізуді ұсынды. ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл бастаманы қолдады. Министрлікпен бірлесіп оқу бағдарламасы әзірленді. Аталған пән 2018 жылы элективті негізде енгізіледі.

"Қазіргі таӊда әр өӊір бойынша мектептерде пән жүріп жатыр. Оқушылардыӊ қабылдауы мен қызығушылығы жақсы. Бұл пәнніӊ әдістемесі "Бастау Бизнес" жобасы мен шетелдік тәжірибе негізінде дайындалды. Жалпы құрылым балаларға ойын арқылы, қызықты мәселелер арқылы тақырып түсіндіріледі. Жалпы пән элективті түрде мектеп бағдарламасына енгізіліп отыр, яғни мұғалімдер мен ата-аналар келісе отырып, бұл пәнді таӊдау бойынша оқу бағдарламасына қоса алады", - деді Олжас Ордабаев.

Спикердіӊ айтуынша әр баладан кәсіпкер дайындау мақсат емес. Кәсіп ашудан басқа, жастарға критикалық ойлау, есептей білу,қаржылық сауаттылық, прагматизм сынды басқа да мамандықтарға, өмірде қажет машықтар үйретіледі.

"Элективті пән 2019 жылдыӊ 1 қыркүйек айынан бастап республика бойынша мектеп бағдарламасына енгізіледі. Пән енгізілмей тұрып ұстаздар легі дайындалады. Жалпы пән теорияға ғана емес, практикалық ойындарға негізделген. Яғни жоғары сынып оқушысы ойын жаттығулар арқылы 2 жыл ішінде бизнес-жоспар құрып, жобасын қорғайды", - деді Олжас Ордабаев.

Өз кезегінде "El Tiregi" шағын және орта бизнес қауымдастығыныӊ Басқарма төрағасы Мирхат Мұсанап "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ "Іскер азамат - ел тірегі" қосалқы бағдарламасын таныстырды. Жобаныӊ идеясы жас кәсіпкерлерді таныту, жобаныӊ операторы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып отыр. Жоғары аталған жобалар "Атамекен" ҚР ҰКП бастамасымен қолға алынған әлеуметтік мәні жоғары, қоғам дамуына үлес қосып, іскерлік сауатты жетілдіретін өз алдына толымды жобалар. Жақсылыққа шақырып, көп жандарға жылу сыйлайтын "Атамекенім" акциясы "Іскер азамат - ел тірегі" атты "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ жаӊа бағытына сәйкес халқына жанашыр нағыз азаматтарды танытады. Ал "Бастау Бизнес" бірегей жобасы халыққа өз әлеуетін сынап, кәсіп ашуға шындайды, өзін-өзі жұмыспен қамтып, өзгерелерге жаӊа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Тегін кәсіпкерлік білім алған ауыл тұрғындардыӊ қаржы сауаттылығы артып, білімі кеӊейеді. Адами капиталды дамытуда қолға алынып отырған "Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері" - жастарды кәсіпке болашақ мамандықты таӊдамай тұрып баулиды. Мектеп пәні кәсіпкерлікке икемі бар мыӊдаған жастарға бағыт-бағдар беретіні сөзсіз.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны