25.05.2017, 15:20 7059

Қ. Көшербаев: Сол жағалау Қызылорда қаласыныӊ аумағын 2 есеге арттырады

Жолдаудағы тапсырмаға сәйкес 2017 жылы облыс бойынша барлық қаржыландыру көздерінен 2211 пәтерлі 150,3 шаршы метрді құрайтын 40 көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру жоспарлануда.

Қызылорда. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтыӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" деп аталатын Жолдауында құрылыс секторын дамытып, оныӊ отандық экономиканыӊ толыққанды драйверіне айналуы тиіс деп міндет қойылған еді.

Жолдаудағы тапсырмаға сәйкес 2017 жылы облыс бойынша барлық қаржыландыру көздерінен 2211 пәтерлі 150,3 шаршы метрді құрайтын 40 көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру жоспарлануда.

Осы саладағы кеӊ ауқымды мәселе Сырдарияныӊ сол жағалауынан Қызылорда қаласыныӊ бас жоспары негізінде жаӊа қала құрылысын бастау болатын.

Осы орайда, қасиетті Сыр өӊірінде халықтыӊ рухын көтерер тыӊ жоба қолға алынды. Тарихы тереӊ Қызылорда қаласыныӊ сол жақ жағалауынан жаӊа қала бой көтермек. Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтыӊ қатысуымен 320 орындық балабақшаныӊ, 5 көпқабатты 18 тұрғын үй құрылыс нысаныныӊ алғашқы кірпіші қаланды.

"Икім сағаты" хабарында аймақ басшысы - Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласыныӊ сол жағалауын дамыту жобасы, Қызылорда қаласыныӊ аумағын 2 есеге дейін аттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны