16.03.2017, 20:58 4463

Қарағанды облысында 2017 жылы ауылшаруашылығы айналымына 151,1 мыӊ гектар жерді енгізу жоспарлануда

Тұтастай алғанда, облыстағы ауылшаруашылық мақсаттағы жерлердіӊ аумағы 14,2 млн гектарды құрайды.

Қарағанды. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында 2017 жылы ауылшаруашылығы айналымына 151,1 мыӊ гектар жерді енгізу жоспарлануда,- деп хабарлайды облыстық жердіӊ пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы.

"Жер пайдаланушылардыӊ облыстағы оруға жарамды жерлерді тиімді пайдалануы мақсатында 2017 жылға арналған оруға жарамды, бірақ пайдаланылмай жатқан жерлерді, оныӊ ішінде суармалы жерлерді ауылшаруашылық айналымға енгізу жоспары бекітілге. Ағымдағы жылы ауылшаруашылығы айналымына 151,1 мыӊ гектар жерді енгізу жоспарлануда", - деп хабарлайды мекеме.

Басқармадағылардыӊ хабарлауынша, сондай-ақ, мемлекет басшысыныӊ жолдауына сәйкес, 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша Ұлт жоспарыныӊ 35-ші және 36-шы қадамдары бойынша, әкімдік ауылшаруашылық жерлердіӊ пайдаланылуына тұрлаулы мониторинг жүргізе отырып, одан әрі жекешелендіру үшін пайдаланылмайтын жерлердіӊ барлығын мемлекеттік қорға беруде. Тұтастай алғанда, облыстағы ауылшаруашылық мақсаттағы жерлердіӊ аумағы 14,2 млн гектарды құрайды.

"Облыстық әкімдік облыстық прокуратурамен бірлесе отырып облыстағы пайдаланылмайтын және бұзушылықпен пайдаланылатын жерлерді толықтай алу бойынша өӊірлік жол картасы бекітілген", - деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны