17.08.2017, 23:18 4750

Қарағанды облысында 28 ұйым бәскелі ортаға беріледі

Қарағанды облысында 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жекешелендіру жоспарына сәйкес 28 ұйым бәсекелі ортаға берілуге тиіс. Бұл туралы өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық мемлекеттік активтер және сатып алулар басқармасыныӊ басшысы Мұрат Кәдеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қарағанды. 17 тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жекешелендіру жоспарына сәйкес 28 ұйым бәсекелі ортаға берілуге тиіс. Бұл туралы өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық мемлекеттік активтер және сатып алулар басқармасыныӊ басшысы Мұрат Кәдеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Кәдековтыӊ айтуынша, облыстыӊ коммуналдық меншіктегі ұйымдарына қайталап санақ жүргізу нәтижесінде 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жекешелендіру жоспарына өзгерістер енгізілді. Ағымдағы жылдыӊ сәуір айында үкіметтіӊ қаулысымен Қарағанды облысында бәсекелі ортаға берілуге тиіс ұйымдардыӊ тізімі 10 ұйыммен толықтырылды.

"Сондай-ақ, жергілікті атқарушы билік органдарыныӊ, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігініӊ көптеген ұсыныстарына сәйкес БАҚ саласындағы ұйымдар, оныӊ ішінде Қарағанды облысындағы 18 ұйым тізімнен шығарылды. Осылайша, 2016 жылы сатылған және тізімнен шығарылған ұйымдарды есепке алғанда, бәсекелі ортаға жалпы алғанда 28 ұйым берілуге тиіс, бұлар - денсаулық сақтау, тұрғын-үй коммуналдық, спорттық және т.б. ұйымдар", - деді басқарма басшысы.

Осы орайда оныӊ айтуынша, үкіметтіӊ 2017 жылғы 11 сәуірдегі №194 қаулысымен қажетті жағдайда жергілікті атқарушы органдардыӊ экономикалық орындылық мақсатында кешенді жекешелендіру жоспарына енгізілген ұйымдарды сауда өткізбей-ақ жоя алатындығы анықталған.

Кәдековтыӊ айтуынша, Қарағанды облысыныӊ коммуналдық меншіктегі ұйымдарын саудаға шығарудыӊ бекітілген кестесіне сәйкес 2017 жылы 24 ұйым бәсекелі ортаға берілуге тиіс. Ал 2018 жылы 4 ұйым саудаға шығарылады.

Облыстық мемлекеттік активтер және сатып алулар басқармасыныӊ ақпаратына сәйкес, бүгінгі күні 44,7 млн теӊгеге 5 ұйым сатылды. Олардыӊ арасында "Қарағанды қаласыныӊ қала құрылысы кадастрлық орталығы" ЖШС 5,9 млн теӊгеге сатылды, оныӊ бастапқы бағасы 19,5 млн теӊге болған. Жезқазған қаласындағы "Спорттық-сауықтыру кешені" ЖШС бастапқы бағасы 61,6 млн теӊгеніӊ орнына 18,3 млн теӊгеге сатылды. Балхаштыӊ қалалық коммуналдық шаруашылығы - бастапқы бағасы 63,9 млн теӊгеніӊ орнына 16,1 млн теӊгеге сатылды. "Қарағанды" волейбол клубы бастапқы бағасы 9,6 млн теӊгеніӊ орнына 2,4 млн теӊгеге сатылды.

Бұған қоса үш сауданыӊ қорытындысы бойынша сатылмаған 3 ұйым, барлығы 7 ұйым жойылатын болады. Олардыӊ арасында "Теміртау" спорт клубы, Жезқазған қаласыныӊ "Полигон" ЖШС, "Тұлпар" "Шағын футбол клубы бар. Сондай-ақ, экономикалық орындылық мақсатында жергілікті атқарушы органдардыӊ шемімімен мынадай 4 ұйым таратылуға тиіс: "Қарағанды облыстық МЖС өӊірлік орталығы" АҚ, "шаруашылық басқармасы" ЖШС, Қарағанды "Горсвет" ҚКМ, Қарағанды "Береке-2010"АҚ.

Сондай-ақ, 2 денсаулық сақтау ұйымы кейін сатып алу құқығымен 5 жыл мерзімге сенімді басқаруға берілуге тендерге шығарылып отыр. Олар Қарағанды қаласындағы № 2 емхана, бастапқы бағасы 911 млн 852 мыӊ теӊге; Теміртау қаласыныӊ №2 емханасы, бастапқы бағасы 1 млрд 281 млн 705 мыӊ теӊге.

Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында: Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеӊейту зор мүмкіндік береді. Бұл жерде әӊгіме бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсету міндетін бизнеске беру ісіне қатысты болып отыр. Жекеменшік капитал тарту үшін мемлекет-жекеменшік серіктестігініӊ ықтимал барлық түрі мен нысанын пайдалану қажет. Олар - мемлекеттік мүлікті сенімді басқару, қызмет көрсету келісімшарттары, тағы басқалар. Бұл ретте келісімніӊ барлық рәсімдерін, әсіресе шағын жобаларға қатысты рәсімдерді мейлінше жеӊілдету және жеделдету қажет.

Мемлекет-жекеменшік серіктестігі инфрақұрылымды, соныӊ ішінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудыӊ негізгі тетігіне айналуға тиіс,- деген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны