02.03.2017, 17:02 4668

Қарағанды облысында халықаралық сертификациясы бар геологиялық зертхана салынады

Қарағанды облысында геологиялық сынамаларды талдауға арналған зертхананыӊ құрылысын жүргізуде. Бұл туралы аймақта геологиялық саланы дамыту перспективалары жөніндегі кеӊес барысында "Қазгеология" АҚ басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов мәлімдеді.

Қарағанды. 2 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында геологиялық сынамаларды талдауға арналған зертхананыӊ құрылысын жүргізуде. Бұл туралы аймақта геологиялық саланы дамыту перспективалары жөніндегі кеӊес барысында "Қазгеология" АҚ басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов мәлімдеді.

"Халықаралық сертификациясы бар зертхананыӊ құрылысы бойынша жоспарлар бар. Қазақстанда сынамаларды талдау бойынша зертхана бар, бірақ қаржылық институттар олардыӊ мәліметтерін қабылдамайды, өйткені сертификаттаудыӊ халықаралық стандарты жоқ", - деді Ғалым Нұржанов.

Зертхана Қарағанды облысында салынады, өйткені, бұл орталық аймақ, деді ол. Мұнда барша Қазақстаннан сынамалар жеткізілетін болады.

Жобаны "Қазгеология" австралиялық компаниямен бірге жүзеге асырады. Алдын ала есептеулер бойынша, жобаныӊ құны - 1,5 млрд. теӊгеге жуық. Жоба 2018 жылы іске асырылмақ.

"Бұл зертхана тағы не үшін керек? Біздіӊ сынамалар шетелге шығарылады деп көбі шағымданады. Ал зертхана барлық мәліметтерді Қазақстанда қалдырып, барлық сынамаларды өзімізде өӊдеуге мүмкіндік береді", - деді Ғалым Нұржанов.

"Қазгеология" АҚ мемлекеттік тапсырыс бойынша Қарағанды облысында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде. Басты мақсаты - шикізат базасын толықтыру. Бүгінде Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев моноқалаларыныӊ айналасында онға жуық жоба орындалды. 2017 жылы жұмыстар жалғасын табады.

Сонымен қатар, өӊірде бірнеше ірі шетелдік компания кен орындарын барлаумен айналысады. "Қазгеология" АҚ мәліметінше, соӊғы үш жылда Қарағанды облысында геологиялық барлауға жұмсалған инвестициялар шамамен 9 млрд. теӊгені құрады.

karaganda-region.gov.kz сайты

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны