10.08.2017, 10:34 5554

Қарағанды облысында кәсіпорындарды дамытуға 2017 жылы 350 млрд астам теӊге инвестиция салу жоспарланып отыр

Қарағанды облысында кәсіпорындарды дамытуға 2017 жылы 350 млрд астам теӊге инвестиция салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қарағанды облыстық өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасыныӊ басшысы Ғалымжан Жұмасұлтанов Өӊірлік коммуникациялар қызметде өткен брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қарағанды. 10 тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында кәсіпорындарды дамытуға 2017 жылы 350 млрд астам теӊге инвестиция салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қарағанды облыстық өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасыныӊ басшысы Ғалымжан Жұмасұлтанов Өӊірлік коммуникациялар қызметде өткен брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыру 2017 жылы өнеркәсіптіӊ өндіріс көлемін 2%-ға (2,1 трлн теӊге) өсіруге мүмкіндік береді, жұмсалатын инвестиция көлемі 350 млрд теӊгеден асады", - деді Жұмасұлтанов.

Оныӊ айтуынша, ағымдағы жылы 9,3 млрд теӊгеге 500-ден астам жұмыс орнын құра отырып, 9 жаӊа жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Соныӊ ішінде 3 жоба іске қосылып, 159 жаӊа жұмыс орны құрылып, 3,5 млрд теӊгеніӊ инвестициясы салынды.

Басқарма басшысы сондай-ақ, мемлекет басшысы өз жолдауында экономиканы серпінді технологиялық жаӊғыртуға бірінші басымдық ретінде атағанын еске сала кетті.

"Біздіӊ жүйе құруды кәсіпорындар да модернизациялау мен сандық технологияға көшуді жүргізіп жатыр. Ағымдағы жылы бұл жұмыстарға олар шамамен 185 млрд теӊге инвестиция салады, оныӊ ішінде "АрселорМиттал Теміртау" - 80 млрд теӊге, "Қазақмыс" - 75,8 млрд теӊге, "ШұбаркөлКөмір" - 16,8 млрд. теӊге, ЖГОК - 13 млрд теӊге", - деді Жұмасұлтанов.

Сондай-ақ, оныӊ айтуынша, облыста инвестиция тартуды пәрмендендіру мақсатында Инвестиция тарту және өӊірдіӊ инвестициялық климатын арттыру жөніндегі кеӊес жұмыс істеуде. Инвестиция тарту жұмыстарыныӊ шеӊберінде облысқа бірқатар ірі трансұлттық компаниялар тартылған. Атап айтқанда, Қаражалда "KarazhalOperаting" ЖШС-ніӊ барит кенін өӊдеу өндірісі іске қосылды. Оған "Global- 2000" тізімінде 623-ші орпын иеленетін әлемге әйгілі американдық "Halliburton" компаниясы толықтай техникалық қолдау көрсетті. Жобаныӊ жалпы құны - 6 млрд теӊге. 2016 жылы 590,1 млн теӊгеніӊ 28,6 мыӊ тонна өнімі өндірілді, деді ол.

Басшыныӊ айтуынша, Осакаровск ауданында трансұлттық бельгиялық CarmeuseGroupс корпорациясыныӊ тікелей шетелдік инвестициясыныӊ есебінен жоғары сапалы әк өндіру зауытыныӊ құрылысын салу жоспарланып отыр. Инвестициялар көлемі 8,1 млрд теӊгені құрайды.

Сондай-ақ, ірі швейцариялық GlencoreInternational компаниясы Қазмырышпен бірлесе отырып елеуді геологиялық барлау жұмыстарын жүргізе отырып "Жайрем Тау-кен байыту комбинаты" АҚ кен байыту комбинатыныӊ құрылысын жүргізуге ниеттеніп отыр. Инвестиция көлемі 100 млрд теӊгені құрайды. Жоба 2020 жылы іске қосылады деп көзделген.

Бұған қоса Ұлыбританияныӊ "RioTinto" концерні Ұлытау ауданындағы "Қорғантас" учаскесінде және Шет ауданындағы "Балхаш-Сарышаған алаӊында" еӊ аз кен мөлшері 1 млрд тонналық мыс кенішін және құрамындағы мыс мөлшері кемінде 0,7% құрайтын кенішті табу шеӊберінде жұмыстар жүргізуде. Іздестіру сатысындағы инвестиция көлемі 3,4 млрд теӊгені құрайды, деді Жұмасұлтанов.

Оныӊ хабарлауынша, сондай-ақ, "Казгеология" АҚ геологиялық инфрақұрылымын дамыту шеӊберінде Қарағанды аумағында геохимиялық зертхана ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда қатты пайдалы қазбаларға және жер асты суларына заманауи жоғарытехнологиялық жабдықта зертханалық талдау жұмыстары жүргізілетін болады.

"100 мыӊнан астам сынамаға талдау жүргізу жоспарланып отыр. Жоба сәтті жүзеге асырылған жағдайда өӊірде заманауи зерттеу технологияларымен әдістерін пайдалана отырып заманауи геохимиялық зертхана құрылатын болады", - деді Жұмасұлтанов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны