16.03.2017, 21:02 4533

Қарағанды облысында мүлікті заӊдастыру науқаны кезінде 124,8 млрд теӊгеніӊ 725 декларациясы келіп түсті

Қарағанды облысында мүлікті заӊдастыру науқаны кезінде 124,8 млрд теӊгеніӊ 725 арнаулы декларациясы келіп түсті,- деп хабарлады бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мемлекеттік кірістер департаментініӊ басшысы Азамат Ахметов, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қарағанды. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында мүлікті заӊдастыру науқаны кезінде 124,8 млрд теӊгеніӊ 725 арнаулы декларациясы келіп түсті,- деп хабарлады бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мемлекеттік кірістер департаментініӊ басшысы Азамат Ахметов, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Департамент төрағасыныӊ айтуынша, мүлікті заӊдастыру брйынша кеӊ ауұымды науқан 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған. "Қарағанды облыстық мемлекеттік кірістер органдары 124,8 млрд теӊгеніӊ 725 арнаулы декларациясын қабылдады. Оныӊ ішінде жалпы сомасы 123,9 млрд теӊгеніӊ 697 арнаулы декларациясы - ақшаны ағымдағы шотқа аудару жолымен, және жалпы сомасы 9 млн 295 мыӊ теӊгеніӊ декларациясы 929,5 мыӊ теӊге сомасында алым төлеу арқылы ақшаны Қазақстаннан тысқары жерде ақшаны ағымдағы шотқа аударусыз қабылданды", - деді ол.

Сондай-ақ, Ахметовтыӊ нақтылауынша, Қазақстаннан тысқары жерлердегі мүлік бойынша, 11,9 млн. теӊге мөлшерінде алым төлеу арқылы сомасы 119,5 млн теӊгеніӊ 16 арнаулы декларациясы қабылданды. Сондай-ақ, басқа тұлғаға рәсімделген мүлік бойынша 104,7 млн теӊгеніӊ 7 арнаулы декларациясы түскен.

Заӊды тұлғаға қатысу үлесі бойынша, сомасы 650,2 млн теӊгеніӊ 4 арнаулы декларациясы, оныӊ ішінде 1,9 мыӊ теӊге сомасында алым төлеу арқылы бір декларация қабылданды.

"Бұл көрсеткіштер бойынша,Қарағанды облысы республика өӊірлері арасында төртінші орын иеленді", - деді Ахметов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны