16.08.2017, 13:39 5043

Қарағанды облысында жыл соӊына дейін МЖС бойынша 22 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

Қарағанды облысында МЖС механизмін қолдану арқылы жыл соӊына дейін жалпы сомасы 7,1 млрд теӊгені құрайтын 22 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олардыӊ 18-і - денсаулық сақтау саласында, 4 - мектепке дейінгі мекемелер. Бүгінгі таӊда барлық дерлік жобалардыӊ құпталған сараптамасы бар. Оларға жүгіне отырып экономикалық қорытындылар әзірленеді. Бұған қоса ТКШ және жол қозғалысы кауіпсіздігі саласында жалпы сомасы 4,4 млрд. теӊгені құрайтын үш жоба құрылған.

Қарағанды. 16 тамыз. Kazakhstan Today - Қарағандыда мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті аймақтық дамыту бойынша жұмыс тобы болып қайтты. Делегацияны Қазақстан Республикасы салық толеушілер Қауымдастығыныӊ басқару кеӊесініӊ төрайымы Жаннат Ертілесова бастап келді.

Облыс әкімдігінде мемлекеттік құрылымдар, мүдделі органдар мен бизнес өкілдері бас қосқан жиналыс өтті. Онда көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Кездесуге қатысушыларды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнатуда қандай қиындықтар кездесетіні және оларды қалай жоюға болатыны қызықтырды.

- Илемдік тәжірибе мемлекеттік ресурстар шектеулі болған жағдайда нысандарды құру, жаӊғырту, ұстау және пайдалану үшін қажетті қаржылық негіз қамтамасыз етудіӊ балама құралдарыныӊ бірі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік болып табылады. Өзініӊ жыл сайынғы жолдауында Елбасы Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктіӊ дамуына үлкен назар аударады. Біздіӊ алдымызда қойылған мақсаттарды орындау үшін бар күшімізді жұмсау міндеті тұр, - деді Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов.

МЖС механизмдерін қолдану мекмлекетке де, бизнеске де артықшылықтар береді, деп атап өтті ол. Жеке секторлар үшін жаӊа инвестициялық мүмкіндіктер мен қосымша табыс көздері ашылып жатыр.

- Біздіӊ жұмыс тобымыз үкіметтіӊ бастамасымен құрылған. Біз қазір МЖС дамуына қандай себептер кедергі болып тұрғанын анықтау мақсатында аймақтарды аралап жүрміз. Біз сіздерден қандай проблемалар бар екенін, оларды шешу үшін не қажет екенін естіп білгіміз келеді. Бұл біздіӊ сапарымыздыӊ мақсаты, - дейді Жаннат Ертілесова.

ҚР Ұлттық экономика министрлігініӊ бюджеттік инвестициялар және МЖС дамыту департаментініӊ директоры өзініӊ баяндамасында нормативті-құқықтық базаныӊ жаӊашылдықтарына тоқтала кетті.

- Инвесторлардыӊ анағұрлым кеӊ шеӊберін жұмылдыру үшін "МЖС ҚазОрталығы" АҚ сайтыныӊ платформасында министірлікпен МЖС жобалары бойынша Бірыӊғай ақпараттық базасы іске қосылды. Ол қажеті жоқ бірнеше кезеӊдерді жоюға, келісімшар және ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырысты тіркеу мәселелерін реттеу, сондай-ақ үлгілік жобаларды стандарттауға арналған "бағдарламалық" МЖС енгізуге септігін тигізеді, - деп мәлімдеді ол.

Баяндамашыныӊ айтуынша бұл шараларды қолдану арқылы МЖС жобаларыныӊ жоспарлау мерзімі 135-тен 95-ке дейін40 жұмыс күніне дейін қысқарады.

Сонымен қоса "Ақ кітап" әдістемесі құрылған, онда МЖС бойынша анағұрлым жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды табуға болады.

Қарағанды облысында МЖС механизмін қолдану арқылы жыл соӊына дейін жалпы сомасы 7,1 млрд теӊгені құрайтын 22 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олардыӊ 18-і - денсаулық сақтау саласында, 4 - мектепке дейінгі мекемелер. Бүгінгі таӊда барлық дерлік жобалардыӊ құпталған сараптамасы бар. Оларға жүгіне отырып экономикалық қорытындылар әзірленеді.

Бұған қоса ТКШ және жол қозғалысы кауіпсіздігі саласында жалпы сомасы 4,4 млрд. теӊгені құрайтын үш жоба құрылған.

МЖС жобаларыныӊ тізімі депутаттардыӊ бекітуіне жақын арада өтетін облыстық мәслихат сессиясында ұсынылатын болады. Сонан соӊ, заӊға сәйкес, келісімшарт жасау процедурасы өтеді.

Бизнесмендер жұмыс тобыныӊ өкілдеріне көкейлеріндегі сауалдарын қойды.

- Бүгін қызықты талқылау өтті. Тақырып барлығымыз үшін де өзекті, - деп Ерлан Қошанов Астанадан келген делегацияныӊ біздіӊ аймағымызға көӊіл бөлгені үшін алғыс айтты. - Біз мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке белсене кірістік және жобаларды іске асыруда көптеген сауалдар туындайды.

Облыс әкімі өзініӊ орынбасарларына ұсыныстар пакетін әзірлеп, жұмыс тобына жолдауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны