16.03.2017, 21:04 4632

Қарағанды облысындағы ауылшаруашылық кооперативі мемлекеттік қолдау шеӊберінде малшаруашылығын дамытуға 41 млн теӊге мөлшерінде несие алды

Қарағанды облысындағы "Қарағайлы" ауылшаруашылық өндірістік кооперативі мемлекеттік қолдау шеӊберінде малшаруашылығын дамытуға 41 млн теӊге мөлшерінде несие алды, деп хабарлады өӊірлік Кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі.

Қарағанды. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысындағы "Қарағайлы" ауылшаруашылық өндірістік кооперативі мемлекеттік қолдау шеӊберінде малшаруашылығын дамытуға 41 млн теӊге мөлшерінде несие алды, деп хабарлады өӊірлік Кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметініӊ нақтылауынша, ет және сүт өндіретін "Қарағайлы" кооперативі Осакаров ауданында құрылған. Жаӊа ауылшаруашылық бірлестігіне 24 кәсіпкер кірген. Жаӊа мемлекеттік қолдау құралын пайдаланған кооператив Ауылшаруашылығындағы кәсіпкерлікті қолдау қоры ("Қазагро" АҚ еншілес құрылымы) арқылы 6 пайызбен 41 млн теӊге мөлшерінде қаржыландыру алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Кредит қаражаты 5 жылға берілді. Бұл қаржыға кооперативтіктер сүт мұздатқыш, сүт тасу көлігі және рефрежиратор секілі аса қажетті құрал-жабдықтар сатып алмақшы. Бұған қоса кооператив мүшелері Кәсіпкерлер палатасында "Бизнес-кеӊесші" бағдарламасы бойынша оқытылды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Бағдарламаныӊ егжей-тегжейін кеше ғана біліп, құжаттар жинап, оқи бастаған едік, енді міне, екі ай өтпей-ақ бізге ақша берді. Бұл палатаныӊ Осакаров аудандық филиалы мамандарыныӊ арқасы. Олар Қарағайлы ауылдық округіне бізге үш реет келді, алдымен заӊды түсіндірді, бұдан кейін ТСБ, Кадастр орталығы, сәулет, жер комитеті, бағалаушы мамандардыӊ сапарын ұйымдастырды, яғни, жүмысты жеріне жеткізе білді. Кепілдік нысандарды, техникалық төлқұжаттарды және тағы басқаларын біз тура осы жерде рәсімдедік. Соӊында олар құқықтық құжаттарды тіркеу үшін ХҚКО мамандарымен бірге келді. Көптен бері ойға алсақ та, төрешілдік тауқыметінен қорқып кейінге қалдырып келген шаруаныӊ осылайша қысқа мерзімде біткеніне біз өте қуаныштымыз. Ал осылайша қағаз жұмыстары реттеліп жатқан уақытта кооперативтіӊ барлық келешек мүшелері кәсіпкерлік негізін оқып шықты", - деді жаӊа ауылшаруашылық өндірістік кооперативініӊ басшысы Хадыл Мархаба.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны