16.03.2017, 21:06 4865

Қарағандыда тауарды жасыл дәліз бойынша кедендік рәсімдеу мерзімі 6 минутқа дейін қысқартылды

Қарағандыда пилоттық жобаны жүзеге асыру аясында тауарды жасыл дәліз бойынша кедендік рәсімдеу мерзімі 6 минутқа дейін қысқартылды, ал процедураныӊ орташа мерзімі 38 минутты құрады, деп хабарлады бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мемлекеттік кірістер департаментініӊ басшысы Азамат Ахметов, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қарағанды. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағандыда пилоттық жобаны жүзеге асыру аясында тауарды жасыл дәліз бойынша кедендік рәсімдеу мерзімі 6 минутқа дейін қысқартылды, ал процедураныӊ орташа мерзімі 38 минутты құрады, деп хабарлады бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мемлекеттік кірістер департаментініӊ басшысы Азамат Ахметов, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

""Қарағанды -ЦТО" кедендік бекеті негізінде негізгі кедендік бақылау үдерісін кедендік тазарту кезеӊінен тауарды шығарудан кейінгі кезеӊге ауыстыру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылды. Жобаныӊ мәні тауар импортын кедендік тазарту кезінде жасыл, көк және сары дәліз бойынша бөлуге саяды", - деді Ахметов.

Бұл ретте оныӊ айтуынша, декларациялардыӊ басым бөлігі жасыл дәліз бойынша кедергісіз өткізілген. Ал кедендік құны төмендетіліп көрсетілу немесе тауарлар дұрыс жіктелмеу тәуекелі бар декларациялар көк немесе сары дәліз бойынша жүргізіліп, тауар шығарылғаннан кейін тексерілген.

"Осылайша, сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушыныӊ тауары бірден шығарылып, қосымша құжаттық тексеру шығарғаннан кейін жүзеге асырылғандықтан, оны уақытша сақтау үшін қосымша шығынға ұшырамайды", - деді департамент төрағасы.

Оныӊ айтуынша, жасыл дәліз бойынша пилоттық жоба іске асырылған мерзімде тауарды орташа рәсімдеу мерзімі 6 минутқа жеткен жоқ. Сары дәліз бойынша 3 сағат 57 минутты құраған. Ал қорытынды орташа рәсімдеу мерзімі 38 минутқа теӊ. Салыстыра кетсек, департамент бойынша 2016 жылдыӊ қорытындысы бойынша тұтастай алғанда орташа кедендік рәсімдеу мерзімі 1 сағатты құраған.

"Бұл республика бойынша қазіргі еӊ үздік нәтиже болып табылатынын айта кеткен жөн және оны әрмен қарай жақсарта түсу мүкіндігі бар", - деді Ахметов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны