20.06.2017, 11:28 7805

Қарағандыдағы бос жер телімдерініӊ картасына онлайн режимде қол жеткізу мүмкін болмақ

Қарағандыдағы бос жер телімдерініӊ картасына онлайн режимде қол жеткізу мүмкін болмақ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыс әкімініӊ орынбасары Марғұлан Кәрібеков хабарлады.

Қарағанды. 19 маусым. Kazakhstan Today - Қарағандыдағы бос жер телімдерініӊ картасына онлайн режимде қол жеткізу мүмкін болмақ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыс әкімініӊ орынбасары Марғұлан Кәрібеков хабарлады.

"Ағымдағы жылдыӊ сәуір айында Қарағанды облысы әкімдігініӊ жанынан кәсіпкерлік мәселелері бойынша комиссия құрылған. Оған облыс әкімі төрағалық етеді. Бұл комиссияныӊ басты мақсаты бизнес жүргізуге қажетті жағдайларды жақсарту, кәсіпкерлік жолындағы әкімшілік кедергілерді азайту және облыстыӊ инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Комиссияныӊ 2 мәжілісі өтіп, онда тариф түзу, отандық өнім өндірушілерді қорғау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, бизнес үшін жер телімдерініӊ қолжетімділігін арттыру, салық әкімшілендіруі және басқа да кәсіпкерлікке қатысы бар мәселелер талқыланды. Барлық мәселелер бойынша қолданыстағы заӊнама шеӊберінде шешімдер қабылдануда", - деді Кәрібеков.

Атап айтқанда, оныӊ сөзінше, кәсіпкерлер Қарағанды қаласы бойынша су қамтамасыздығы қызметтері бойынша тарифті төмендету туралы мәселе көтерген. Бұл мәселені жауапты мемлекеттік органдар "Қарағанды Су" ЖШС, қалалық депутаттар корпусы және Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып қарастырды. Соныӊ нәтижесінде заӊды тұлғалар үшін жылына 5000 текше метрден аспайтын су тұтынушылар үшін тарифтерді 22,7%-ға, бір текше метрі үшін 320,63 теӊгеден 248 теӊгеге дейін төмендету туралы уағдаластық жасалды. Демек, осындай субъектілер үшін 5 жылда шамамен 400 млн теӊге үнемделді.

Сондай-ақ, отандық өнім өндірушілерді қолдау мақсатында құрылыс басқармасы, кәсіпкерлер палатасы мен облыстағы құрылыс компанияларыныӊ қауымдастығы арасында мемлекеттік сатып алулар саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алулар басқармасы мен кәсіпкерлер палатасы арасындағы меморандумға қол қойылды.

"Кәсіпкерлерде бос жер телімдері бойынша ақпараттыӊ қолжетімділігі жөнінде сұрақ туындайды. Осыған байланысты қазір Өӊірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып Қарағанды қаласындағы бос жер телімдерініӊ электронды картасы жасалды, ол Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында орналастырылған. Бұдан әрі осы картаны онлайн режимде орналастыру жоспарланып отыр. Бұл шаралардыӊ барлығы бизнестіӊ шығындарын азайтуға мүмкіндік береді", - облыс әкімініӊ орынбасары.

Тұтастай алғанда, оныӊ айтуынша, өӊірдегі бизнес орта жаӊа нарық қатысушыларымен белсенді түрде толыға түсуде. Биылғы жылдыӊ 4 айында кәсіпкерлік секторы 2%-ға өсіп, шамамен 80 мыӊ субъектіні қамтыды. Бұл орайда, соӊғы бір жылда, яғни, 2016 жылғы 1 мамыр мен 2017 жылғы 1 мамыр аралығында заӊды тұлға ретінде тіркелген шағын кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарыныӊ саны арта түскені байқалып отыр. Шағын кәсіпкерлік заӊды тұлғаларыныӊ саны 9,4%-ға өсіп,

15 224 бірлікке, шаруа қожалықтарыныӊ саны 6,1%ға өсіп, 6899 бірлікке дейін жетті.

"Бизнес жүргізуге қолайлы жағдайларды жақсарту мақсатында Қарағанды облысында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Өӊірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып әкімшілік кедергілерді азайту жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті атқарушы билік органдары Кәсіпкерлер палатасыныӊ жанындағы Өӊірлік кеӊес пен Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеӊестіӊ отырыстарына белсене атсалысады, оларда бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту бойынша жүйелік мәселелер қаралады. Облыстыӊ барлық аудандары мен облыстық деӊгейде кәсіпкерлік мәселелері бойынша 19 сарапшылар кеӊесі құрылған, олардыӊ шеӊберінде бизнестіӊ мүддесіне қатысы бар нормативтік-құқықтық актілердіӊ барлығы кәсіпкерлердіӊ аккредитацияланған қауымдастықтары мен өӊірлік палата арқылы сүзгіден өтеді. Облыстық әкімдік пен қалалық және аудандық әкімдіктердіӊ жанындағы консультативтік-кеӊес органдарыныӊ (олардыӊ барлығы 125, соныӊ ішінде 79-ы бизнестіӊ мүддесіне қатысты) құрамына 50% бизнес өкілдері қамтылған, бұл кәсіпкерлерге өз тарапынан қабылданатын шешімдерге ықпалын тигізуге, өз құқықтарын қорғауға, барлық билік деӊгейлеріне ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді", - деді Кәрібеков.

Оныӊ айтуынша, консультативтік-кеӊес органдарыныӊ құрамында 50% бизнес өкілдерініӊ болуы кәсіпкерлікті дамытуға және бизнестіӊ проблемаларын шешуге оӊ ықпалын тигізуде. "Мәселен, Кәсіпкерлер палатасы жүргізген талдауға сәйкес, 2014 және 2015 жылдыӊ басында облыс орталығында жер телімдерін беруден бас тарту үлесі 40-50%-ды құраса, жер комиссиясыныӊ құрамына 60% бизнес өкілдері мен палата өкілдерін қамтудан кейін бас тартулар үлесі 2%-ға төмендеді", - деді облыс әкімініӊ орынбасары.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны