11.11.2018, 22:44 4931

Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Сақтандыруды қадағалау органдарыныӊ халықаралық қауымдастығына мүше атанды

Бұл шешім 2018 жылдыӊ 8-9 қарашасында Люксембург қаласында өткен Сақтандыруды қадағалау органдарыныӊ халықаралық қауымдастығыныӊ (ХСҚҚ) 25-ші конференциясында жарияланды.

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетініӊ (АФСА) Сақтандыруды қадағалау органдарыныӊ халықаралық қауымдастығыныӊ (ХСҚҚ) мүшесі атанды.

Бұл шешім 2018 жылдыӊ 8-9 қарашасында Люксембург қаласында өткен Сақтандыруды қадағалау органдарыныӊ халықаралық қауымдастығыныӊ (ХСҚҚ) 25-ші конференциясында жарияланды.

Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетініӊ Сақтандыруды қадағалау органдарыныӊ халықаралық қауымдастығына мүше атануы "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ (АХҚО) сақтандырудыӊ нормативтік базасын сақтандыру қызметтері нарығын реттеу және қадағалау саласындағы еӊ жоғары стандарттарға сәйкестендіруге көмектеседі. Бұдан басқа, Астана қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Сақтандыруды қадағалау органдарыныӊ халықаралық қауымдастығыныӊ нормативтік стандарттарды белгілеу бойынша және де Сақтандыруды қадағалау органдарыныӊ халықаралық қауымдастығыныӊ комитеттерінде және жұмыс топтарында қызмет ету арқылы негізгі жаһандық іс-шараларына өз үлесін қоса алады

Сақтандыру секторы қаржылық қызметтерді дамытуды ынталандыруда маӊызды роль атқаратындықтан, "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ негізгі бағыты болып табылады. Сақтандыру секторы экономикалық өсімді жеӊілдетеді, тәуекелдерді азайтады, үнемдеуді қамтамасыз етеді және жинақ ақшаны өнімді инвестицияларға айналдырады. Сақтандыруды қадағалау органдарыныӊ халықаралық қауымдастығына қосылу Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінде өміршеӊ сақтандыру нарығын қалыптастырудағы маӊызды қадам болып табылады.

"Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Сақтандыруды қадағалау органдарыныӊ халықаралық қауымдастығыныӊ мүшесі атанғанына қуанышты. АФКА-ныӊ ХСҚҚ-ныӊ мүшесі атануы "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамытудағы маӊызды кезеӊ. Сақтандыру секторы "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ негізгі бағытыныӊ бірі болып табылады. Және де біз ХСҚҚ және осы саладағы басқада әріптестермен ынтымақтастық тиімді және нәтижелі болады деп сенеміз", - деді Қаржы қызметтерін реттеу комитетініӊ басқарушы директоры Мұхтар Бөбеев.

Анықтамалық ақпарат:

"Астана" халықаралық қаржы орталығы(АХҚО) Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бастамасымен құрылды және 2015 жылғы желтоқсандағы "Астана халықаралық қаржы орталығы туралы" Конституциялық заӊға сәйкес жұмыс істейді. АХҚО-ныӊ міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасыныӊ бағалы қағаздар нарығын дамыту, оныӊ халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

www.aifc.kz

Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - АФСА) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО)ныӊ тәуелсіз реттеушісі. Қазақстан Республикасыныӊ "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" конституциялық заӊына сәйкес, "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ қаржылық қызметтеріне байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған заӊды тұлға және уәкілетті орган болып табылады. "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ реттеу және ережелері қаржылық фирмалардыӊ және нарықтық мекемелердіӊ авторизациясын, тіркелуін, мойындалуын және қадағалауын көздейді.

www.afsa.kz

Сақтандыруды қадағалау органдарыныӊ халықаралық қауымдастығы (ХСҚҚ). 1994 жылы негізі қаланған, Халықаралық сақтандыруды қадағалау қауымдастығы (ХСҚҚ) әлемніӊ сақтандыру сыйлықақыларыныӊ 97% -ын құрайтын 200-ден астам юрисдикциядан тұратын ұлттық сақтандырудыӊ қадағалау органдарын және сақтандыру нарығыныӊ реттеушілерін біріктіретін ерікті мүше ұйым болып табылады. Халықаралық норма белгілейтін орган болып табылады, оныӊ міндеті сақтандыру саласын қадағалауға арналған қағидаттарды, стандарттарды және өзге де қосымша материалдарды әзірлеу және оларды іске асыруға жәрдемдесу болып табылады. ХСҚҚ өзініӊ Мүшелері үшін форум болып табылады, онда олар тәжірибе алмасып, сақтандыру қызметін және сақтандыру нарықтарын қадағалаудыӊ проблемаларын бөлісе алады. Ұжымдық тәжірибені мойындату үшін ХСҚҚ-ны "Үлкен жиырмалық" елдерініӊ басшылары және өзге де халықаралық норма белгілейтін органдар шақырып тұрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны