11.08.2018, 18:59 4595

KASE 2018 жылдыӊ шілде айына биржалық нарықтыӊ жұмыс қорытындысын ұсынды

Биржаныӊ сауда-саттық тізімінде айдыӊ соӊында 108 эмитенттіӊ 123 акциялары орналастырылды. Олардыӊ ішінде листингілік емес бағалы қағаздар секторында үш компанияныӊ акциялары бар.

Алматы. 11 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан қор биржасы 2018 жылдыӊ шілде айына биржалық нарықтыӊ жұмыс қорытындысын ұсынды.

o 2018 жылдыӊ шілде айындағы KASE сауда-саттық жиынтық көлемі9,7 трлн теӊгені құрап, алдыӊғы аймен салыстырғанда 4,2 % немесе 427,8 млрд тенге теӊгеге төмендеді.

o "Инвестициялық қордыӊ бағалы қағаздары"секторы мен акциялар нарығы жалпы трендке қарама-қайшы оӊ өсу динамикасын көрсетіп- өсім 9,3 есе және тиісінше 27,6 % көрсетті.

o Шілде айыныӊ қорытындысы бойынша KASE индексі 2,1 % төмендеп, 2 362,41 нүктені құрады.

o 01 тамыздаKASE сауда-саттығына 151 эмитенттіӊ 383 атаулы бағалы қағаздары қол жетімді болды. Шілде айында KASE ресми тізімінен бес эмиттенттіӊ бағалы қағаздары шығарылды. Есептік кезеӊде бағалы қағаздардыӊ жаӊа шығарылымы Биржаныӊ ресми тізіміне енгізілген жоқ.

o Алғашқы нарықта МБҚ көлемі 165,8 млрд теӊгеге жетті: бір миллиард теӊгеден астам қаржыны облыстық атқарушы органдар мемлекеттік бағдарламалар аясында тартты және 164,8 млрд теӊгені Қаржы министрлігі жылдық8,43-8,48 % ұзақ мерзімді облигациялардыӊ бес шығарылымын орналастыра отырып, тартты.

o 01 тамызда Орталық депозитарийде жеке тұлғалар ашқан 109 993 жеке шоттар тіркелді, ол алдыӊғы айға қарағанда 277 шотқа және жыл басына қарағанда 748 шотқа артық.

АКЦИЯЛАР НАРЫҒЫ

Биржаныӊ сауда-саттық тізімінде айдыӊ соӊында 108 эмитенттіӊ 123 акциялары орналастырылды. Олардыӊ ішінде листингілік емес бағалы қағаздар секторында үш компанияныӊ акциялары бар.

KASE акцияларыныӊ нарығын қаржыландыру шілде айында 4,6 % немесе 773,4 млрд теӊгеге төмендеп, до 17,53трлн теӊгені құрады.Аталмыш көрсеткіштіӊ негізгі себебі - акциялары қаржыландыру есебіне кіретін компанияардыӊ тізімін кеӊейтуболып табылады.

KASE Индексі екі ай қатарынан құлдырап, шілде айында 49,6 нүктеге немесе 2,1 % төмендеп, 2 362,41 нүктеге дейін түсті.Екі айдыӊ қорытындысы бойынша KASE Индексі 140,1 нүктеге немесе5,6 % жетті. 18 мамырда көгілдір фишкалар индексі өзініӊ 10 жылдық максимум деӊгейін жаӊғыртып, 2 532,67 нүктені құрады. Мұндай кері динамиканыӊ нарықтағы негізгі анықтаушы факторлары компанияныӊ 2018 жылдыӊ бірінші жартыжылдығына операциялық қызметі бойынша бірқатар есептердіӊ жариялануы, шикізат нарығында конъюктуралық өзгерістер мен кейбір компнаиялардыӊ қызметіндегі корпоративтік оқиғалар болып табылады.

KAZ Minerals PLC акциялары біршама құлдырағанын байқаймыз - 5,2 %. Шілде айында компания акцияларына қысымды тоннасына5,2 % дейін 6 287,8 долларға арзандаған мыс бағасыныӊ динамикасы көрсетті, аталмыш мәні соӊғы 12 айда еӊ төменгі көрсеткіш болып табылады.

2018 жылдыӊ 11 шілдесіндеантимонополиялық комитетке өтініш хат бергеннен соӊ бес айдан кейін"Қазақтелеком" АҚ "Кселл" АҚ 75 % акцияларын сатып алуға рұқсат алды. Антимонополиялық комитеттіӊ бағалауы бойынша ұлттық байланыс операторыныӊ үлесі нарықта 37,5 % құрайды. Антимонополиялық комитет тұтынушылардыӊ мүддесі үшін және жалпы саланы дамыту үшін бірқатар талаптар мен шарттарды бекітті. Сонымен, антимонополиялық органныӊ өтініші бойынша мәміле ұялы байланыс қызметініӊ құнына әсер етпеуі тиіс. Осы жаӊалықта телекоммуникациялық сектордыӊ акцияларыныӊ бағасы қатты өзгерген жоқ, өзініӊ әдеттегі баға диапазоны аясында сатылымды жалғастыра берді. Кселл акциялары айдыӊ қорытындысы бойынша бағасы 1,6 % өсіп, 1 626 теӊгені құрады, Қазақтелеком үлестік құралдары 2,6 % дейін арзандап, 33 000 теӊгені құрады.

Акциялармен сауда-саттық алдыӊғы айға қарағанда9 есе немесе 128,3 млрд теӊгеге артып, 143,7 млрд теӊгені құрады. Барлық көлемі сатып алу-сату секторына кледі.Орташа күндік сауда-саттық көлемі 6,8 млрд теӊгеге жетті, ол алдыӊғы айдыӊ көрсеткішіне қарағанда 9,3 есе көп. Мәмілелердіӊ орташа күндік саны 488 құрады,мәмілелердіӊ орташа көлемі - 14 млн теӊге. Көлемін айтарлықтай ұлғайтуы тұрақты емес сипаттағы мәмілелерді жүргізумен байланысты.

Инвесторлардыӊ негізгі санатында осы сегменттегі неғұрлым белсенділеріжеке тұлғалар болып табылады, олардыӊ шоттарына акциялардыӊ жалпы айналымыныӊ 43,9 айналды. Екінші деӊгейдегі банктер (ЕДБ) сауда-саттыққа қатысқан жоқ, брокер-дилерлер үлесі 41,9 % құрады, өзге институционалдық инвесторлардыӊ үлесіне 10,8 % келді, өзге заӊды тұлғалардыӊ үлесі 3,4 % құрады. Бейрезиденттердіӊ қатысу үлесі 1,6 %.

КОРПОРАТИВТІК ОБЛИГАЦИЯЛАР НАРЫҒЫ

Шілде айыныӊ соӊында KASE сауда-саттық тізімдерінде 64 эмитент шығарған 244 атаудағы облигациялар болды. Есептік айда ресми тізімдерге облигациялар қосылған жоқ. Айналым мерзімі өтуіне байланысты төрт эмитенттіӊ бес шығарылым облигациялары айналымнан шығарылды.

Сипатталған өзгерістердіӊ нәтижесінде KASE нарықтарында саудаланатын корпоративтік борыштыӊ көлемі 3,5 %-ға немесе 289,9 млрд теӊгеге төмендеп, номиналды көрсетілімде 7,879 трлн теӊгеге жетті.

Корпоративтік облигациялардыӊ кірістілік Индексі KASE_BMY шілде айында 3 базистік нүктеге төмендеп, жылдық 10,35 % құрады. Индекстіӊ кірістілігі Ұлттық Банктіӊ айдыӊ аяғына дейін жарамды базалық мөлшерлемесініӊ қолданыстағы коридорыныӊ үстіӊгі шегіне жақын тұр (жылдық 9 И 1 %).

Корпоративтік облигациялардыӊ сауда-саттық көлемі есептік айда 34.6 млрд теӊге деӊгейінде қалыптасып, алдыӊғы аймен салыстырғанда 74,7 % төмендеді. Сауда-саттықтыӊ орташа күндік көлемі1,647 млрдтеӊгені құрады.Нарықтыӊ аталмыш сегментіндегі кері динамика алғашқы нарықтағы белсенділіктіӊ төмендеуімен байланысты, онда орналастыру көлемі небәрі 678,9 млн теӊгені құрады, ол маусым айындағы көрмсеткішке қарағанда 99,4 % төмен. Мәмілелердіӊ орташа күндік саны - 8, мәмілердіӊ орташа көлемі - 201,1 млн теӊге.

Шілдеде биржада бір орналастыру болды: "Компания Фаэтон" ЖШС жеті жылға жылдықоблигациясын жалпы сомасы 678,9 млнтеӊгеге орналастырды:

? FATNb1 - 272,9 млн теӊге жылдық 13,49 %;

? FATNb2 - 406 млн теӊге жылдық 11 % .

Орналастыру кезінде барлық мәміле көлемі заӊды тұлғалардыӊ шотына келді.

Қайталама нарықта облигациялардыӊ сауда-саттық көлемі 2 есе өсіп немесе 17,9 млрд теӊгені құрады және 33,9 млрд теӊгеге жетті. Мәміле саны 47,8 % дейін артып, 170 құрады.

Негізгі инвесторлар санатында қайталама нарықта ЕДБ үлесі 0,3 %, брокер-дилер - 46,7 %, өзге институционалдық инвесторлар - 24 %, өзге заӊды тұлғалар - 9,8 %, жеке тұлғалардыӊ үлесіне 19,1 %. Бейрезиденттердіӊ қатысуы - 17,5 %.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫӉ НАРЫҒЫ (МБҚ)

Қазақстан қор биржасында номиналды құны бойынша саудаланатын мемлекеттік борыш сомасы10,416трлн теӊгені құрады, бұл маусым айыныӊ қорытындысы бойынша 1,7 % -ға немесе 181,9млрд теӊгеге артық.

Шілде айындағы МБҚ нарығындағы жиынтық сауда-саттық көлемі 12,3 % төмендеп,234,1 млрд теӊгені құрады. Есептік кезеӊде мемлкететтік бағдарламаны жүзеге асыру аясында екі облыстыӊ жергілікті атқарушы органдары жылдық 0,35 % 1,1 млрд теӊге тартты. Қаржы министрлігі жылдық8,43-8,48 % ұзақ мерзімді облигациялардыӊ шығарылымын орналастыра отырып, 164,8 млрд теӊге тартты.

МБҚ алғашқы нарығындағы инвесторлар құрылымында брокерлік-дилерлік компаниялардыӊ үлесіне 0,3 %, заӊды тұлғалардыӊ үлесіне - 2,5 %, институционалдықинвесторларлардыӊ үлесіне - 97,2 %.

Қайталама нарықтағы сауда-саттық көлемі 52,5 % төмендеп, 68,3 млрд теӊгені құрады. Қайталама нарықтыӊ жалпы айналымынан 96,4 % Ұлттық Банктіӊ ноттары құрады.

Инвесторлар құрылымындағы қайталама нарықта ЕДБ үлесі - 66,9 %, брокер-дилерлер үлесіне - 1,9 %, институционалдықинвесторларлардыӊ үлесіне - 10,1 %, өзге заӊды тұлғалар 21 % құрады, жекетұлғалардыӊ үлесіне 0,1 %. Бейрезиденттердіӊ үлесі 1,0% құрады.

Халықаралық қаржы ұйымдарыныӊ бағалы қағаздары

Шілде айында Халықаралық Қаржы корпорациясы (IFC) жазылым арқылы қамтамасыз етілмеген жахандық амортизацияланған ноттарды жылдық 8,3 %7,5 жылға орналастырып, 8,6 млрд теӊге тартты. Орналастырудыӊ жалпы көлемінен еӊ көп үлесін - 99,9 % институционалдық инвесторлар сатып алды, қалған 0,1 % жеке тұлғаларға тиесілі. Аталмыш қағаздар 2018 жылдыӊ 02 тамызынан бастап KASE ресми тізімініӊ "Халықаралық қаржы ұйымдары бағалы қағаздары" секторына енгізілді.

Инвестициялық қорлардыӊ пайлары

"Инвестициялық қорлардыӊ бағалы қағаздары" секторында 01 тамызда бес компанияныӊ басқаруымен 6 қаржы құралдары болды. Өткен кезеӊде сауда-саттық көлемі 74,6 млн теӊгені құрады, ол өткен аймен салыстырғанда 27,6 % жоғары. Инвесторлардыӊ негізгі санаттары бойынша жеке тұлғалардыӊ үлесі 21 %, брокер-дилерлердіӊ үлесі 0,8%, өзге заӊды тұлғаларға 78,2 % тиесілі.

Бағалы қағаздар нарығындағы жеке тұлғалардыӊ шоттары

2018 жылдыӊ шілдесінде Орталық бағалы қағаздар депозитарийініӊ есепке алу жүйесінде жеке тұлғалардыӊ атынан ашылған 109 993 жеке шот болды, ол алдыӊғы аймен салыстырғанда 277 шотқа артық және 2018 жылдыӊ басына қарағанда 748 шотқа артты.

ШЕТ ЕЛДІК ВАЛЮТАЛАР НАРЫҒЫ

Шілде айында шетел валюталарыныӊ нарығына 31 KASE мүшелері қатысты.

2018 жылдыӊ шілде айында шетел валюталары сауда-саттығыныӊ көлемі өткен айдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 1,002трлнтеӊгені құрап, алдыӊғы айдыӊ қорытындысына қарағанда 2,6 % немесе 27 млрд теӊгеге төмендеді.

АҚШ долларыныӊ орташа сараланған бағамы шілде айында 1,6 % өсіп, екі жылдық максимум деӊгейіне жақындай отырып, бір валюта бірлігіне 346,7 теӊгені құрады. Дамыған елдердіӊ орталық банктерініӊ ақша-несие саясатын нығайту,еӊ алдымен - АҚШ ФРЖдамыған нарықтан біртіндеп қаржыныӊ жылыстауына әкеп соғады.

Төмендегі кестеде Қазақстан қор биржасында саудаланған валюталық жұбыныӊ негізгі сипаты келтірілген (жақшаныӊ ішінде алдыӊғы аймен салыстырғанда шет елдік валютаныӊ теӊгеге орташа сараланған биржа бағамыныӊшілде айындағы көрсеткіштіӊ өзгерісі көрсетілген).

АҚША НАРЫҒЫ

Ұлттық Банк 2018 жылдыӊ 09 шілдесінде қаржы-неесие саясатын жұмсарту циклін тоқтата т тұрып, базалық мөлшерлемені жылдық 9 % деӊгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылдады. Жыл басынан бері базалық мөлшерлеме төр рет төмендеді: жалпы алғанда

125 б.н.

Шілде айыныӊ соӊында TONIA индикаторы 5 б.н өсіп, жылдық 8,08 % құрады. Сонымен қатар TWINA индикаторы (мерзімі жеті жұмыс күндік репо ашу мәмілелері бойынша орташа сараланған пайыздық мөлшерлеме) 4 б.н. өсіп, жылдық 8,26 % құрады.

Бір күндік SWAP-1D (USD) долларлық своптыӊ кірістілігі шілде айыныӊ соӊында жылдық 8,62% құрап, бір айда 195 б.н. өсті. Екі күндік SWAP-2D (USD) своптыӊ кірістілігі 203 б.н.өсіп, жылдық 8,92% жетті.

Шілде айында KazPrime-3M (KZT) индикаторы Ұлттық банктіӊ базалық мөлшерлемесініӊ жоғары шекарасында қозғалысын жалғастырып, жылдық 10 %дейінде болды.

Бір жұмыс күнге ашылған, МБҚ-мен валюталық своп операциялары бойынша мәмілелер көлемі арқылы орташа сараланған кірістілік мәні болып табылатын, ақша нарығыныӊ композиттік индикаторы MM_Index, шілде айыныӊ соӊында 32 б.н. өсіп, жылдық 8,14 % құрады.

Репо операциялары нарығы

Осы сегменттегі сауда-саттықтыӊ көлемі 6,4 трлн теӊгеге жетіп, өткен айдыӊ көрсеткішінен 0,5 % жоғары болды. Операциялардыӊ орташа күндік көлемі шілдеде303,7 млрд теӊге болды,

орташа күндік мәміле саны - 444, бір мәміленіӊ орташа көлемі - 683,2 млн теӊге.

Репо ашылу мәмілелері бойынша сауда-саттықтыӊ жалпы көлемініӊ 98,2 % МБҚ-мен авторепо мәмілелерініӊ үлесінде болды. МБҚ-мен авторепо нарығындағы еӊ танымал қаржы құралы мерзімі бір күндік репо операциялары болып қала береді, МБҚ-мен авторепо нарығындағы сауда-саттықтыӊ жалпы көлеміндегі мәмілелердіӊ үлесі 84,8 % құрайды.

2018 жылдыӊ шілдесінде барлығы репо операцияларына 45 Биржа мүшесі қатысты. Осы сегменттегі сауда-саттықтыӊ жалпы айналымыныӊ 85 %-дан астамы екінші деӊгейдегі банктердіӊ үлесінде. Резидент еместердіӊ қатысу үлесі айтарлықтай болған жоқ, бар-жоғы 0,1 % құрады.

Валюталық своп нарығы

Валюталық своп нарығындағы сауда-саттық көлемі 16,7%-ға азайып, 1,9 трлн теӊгені құрады. Операциялардыӊ орташа күндік көлемі 90,3 млрд теӊгені құрады, мәмілелердіӊ орташа күндік саны - 33, бір мәміленіӊ орташа көлемі - 2,7 млрд теӊге. Валюталық своп нарығындағы қаржы құралдар құрылымында сауда-саттықтыӊ жалпы көлемінде 65 % астамы (1,2 трлн теӊге немесе 3,6 млрд USD) екі күндік валюталық своппен (USDKZT_0_002) жасалған мәмілелердіӊ үлесінде болды.

ДЕРИВАТИВТЕР НАРЫҒЫ

Осы кезде биржалық нарықтыӊ осы секторында, базалық активі АҚШ доллары, KASE Индексі және акциялардыӊ жеке атаулары болып табылатын, фьючерстер саудалауға қолжетімді. Шілде айында фьючерстермен мәмілелер жасалған жоқ. Тамыз айыныӊ басында деривативтер нарығында сауда-саттыққа қатысушылардыӊ ашылған жайғасымдары болған жоқ.

Анықтама үшін

"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) қаржы нарығында қызмет атқаратын, Орта Азия аймағындағы жетекші және Қазақстандағы жалғыз қор биржасы болып табылады. Бұл репо нарығы құралдары, шет елдік валюта, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздар нарығындағы, халықаралық қаржы институттары, сондай-ақ туынды құралдар облигациялары үшін әмбебап сауда-саттық құралы болып табылады.

KASE Халықаралық федерациялар биржасыныӊ (WFE), Еуро-Азиялық қор биржасы Федерациясыныӊ (FEAS) және басқа да халықаралық және отандық кәсіби бірлестіктердіӊ мүшесі болып табылады. KASE 2015 жылы БҰҰ "Қор нарығы тұрақты даму үшін" атты бастамасына қосылды. KASE ТМД елдерініӊ арасында бағалы қағаздармен сауда-саттық бойынша екінші орынға ие болды, сондай-ақ FEAS биржаларыныӊ акциялар нарығын қаржыландыру бойынша алтыншы орында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны