09.02.2017, 20:11 4975

Қашағанда 2016 жылы 1 миллион тоннаға жуық мұнай алынды

Мемлекет басшысына энергетика саласын дамытудыӊ басты көрсеткіштері және осы сектордағы жобаларды одан әрі жаӊғырту жоспарлары туралы баяндалды.

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына энергетика саласын дамытудыӊ басты көрсеткіштері және осы сектордағы жобаларды одан әрі жаӊғырту жоспарлары туралы баяндалды.

Кездесу барысында Елбасы энергетикалық шикізат өндіру және қайта өӊдеу саласындағы жобаларды іске асыру қажеттігіне назар аударды.

- Қашағанда мұнай өндіру жұмыстары басталды. Теӊіз кен орныныӊ аясын кеӊейту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, Қарашығанаққа қатысты мәселе шешімін тапты. Осыған байланысты мұнай өндіру және оны қайта өӊдеу көлемін арттыру қажет. Бұл үшін біз мұнай өӊдейтін үш зауытты қайта жаӊғыртып жатырмыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті газ өндіру, елді газдандыру жұмыстарын жүргізудіӊ, Балқаш жылу электр стансасыныӊ құрылысына қатысты мәселелерді шешудіӊ, сондай-ақ энергетика саласындағы нысандарды жекешелендірудіӊ маӊыздылығын атап өтті.

Энергетика министрі энергия ресурстарын өндіру жөніндегі жоспардыӊ жекелеген көрсеткіштер бойынша артығымен орындалғаны, сондай-ақ 2016 жылдыӊ қорытындысы бойынша мұнай экспорты артқаны туралы хабарлады.

- Мұнайды өндіру жоспары 75,5 миллион тонна болса, өндірілген мұнайдыӊ нақты көлемі 78 миллион тоннаға жетті. Қашағандағы мұнай өндірісі есебінен жоспардыӊ артығымен орындалғаны байқалады, онда былтыр 1 миллион тоннаға жуық мұнай алынды. Мұнай экспортын 62 миллион тоннаға дейін арттырдық, оныӊ 40 миллион тоннасы Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалданды. Мемлекет қолдауыныӊ арқасында алғаш рет 325 мыӊ тонна битум қайта өӊделді. Сұйық газ өндірісініӊ көлемі 136 тоннаға артты, - деді Қ.Бозымбаев.

Сонымен бірге Энергетика министрі Мемлекет басшысына өндірушілер мен трейдерлер арасындағы келісім нәтижесінде автожүргізушілер қажеттілігі үшін жеткізілетін сұйық газ көлемін арттыру, электр энергиясын экспорттау жағдайы, геологиялық барлау жұмыстарын күшейту жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ тұтыну нарығындағы күрделі конъюнктураға байланысты уран өндіру көлемін азайту преспективалары туралы баяндады.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны