01.08.2013, 14:44 7149

"ҚазАгро" Астананың азық-түлiк белдеуiн дамытуға 35 млрд теңгеге тарта қаржы бөлген

2006 жылдан бастап "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ Астана қаласының азық-түлiк белдеуiн дамытуға бағытталған жалпы құны 34,8 млрд теңгенi құрайтын 69 жобаны қаржыландырды. Бұл туралы "ҚазАгроМаркетинг" АҚ баспасөз қызметi хабарлап отыр.

Астана. 1-тамыз. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" Астананың азық-түлiк белдеуiн дамытуға 35 млрд теңгеге тарта қаржы бөлген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2006 жылдан бастап "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ Астана қаласының азық-түлiк белдеуiн дамытуға бағытталған жалпы құны 34,8 млрд теңгенi құрайтын 69 жобаны қаржыландырды. Бұл туралы "ҚазАгроМаркетинг" АҚ баспасөз қызметi хабарлап отыр.

Оның ішінде жалпы сомасы 3,8 млрд теңгенi құрайтын 40 жоба Астана қаласында жүзеге асырылған. Ал Ақмола облысы бойынша 20,2 млрд теңгенi құрайтын 40 және Қарағанды облысы бойынша 10,8 млрд теңгенi құрайтын 23 жоба қолға алынды.

"69 жобаның 62-сi қазiргi таңда iске қосылған",- делiнген бапасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметiнің таратқан мәліметіне сүйенсек, қалған 7 жобаны 2013 жылдың соңында және 2014 жылы iске қосу көзделген.

Естерiңiзге сала кетейiк, Астана қаласының азық-түлiк белдеуiне Ақмола облысының 17 ауданы және Қарағанды облысының 4 ауданы кiредi. Аталған аумақта ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiретiн және қайта өңдейтін 80-нен астам кәсiпорын жұмыс iстейдi.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны