08.11.2017, 18:09 5401

"ҚазАгро" холдингініӊ "Delta Bank" АҚ-на талабы 61,3 млрд теӊгені құрады

Жалпы Холдингтіӊ аталған банкке талабы соӊғы есеп беру күні 61,3 млрд теӊгені құрады, оныӊ ішінде мақсатты салымдар мен несиелер түрінде - 49,9 млрд теӊге, ағымдағы шоттарда - 11,4 млрд теӊге.

Астана. 8 қараша. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі 2017 жылдыӊ екінші жартыжылдығында "Delta Bank" АҚ ағымдағы шоттар, мақсатты салымдар мен несиелер бойынша банктік және басқа операциялар жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызметін жүзеге асыруға арналған аталған банктіӊ лицензиясын кері қайтарып алуға дейін үшінші тұлғаларға талап құқықтарын қайта табыстауды жүргізді, бұл оларды бұрын белгіленген мерзімділік пен төлемділік шарттарымен қайтару мүмкіндігін жасады.

Атап айтқанда, үшінші тұлғалардыӊ ағымдағы шоттардағы активтер бойынша банктіӊ міндеттемелерін орындауы туралы шарттар, сондай-ақ Холдингпен, "Delta Bank" АҚ және "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ арасында цессия шарттары (талап ету құқығын беру) жасалды, осылайша Холдингініӊ "Delta Bank" АҚ-на талаптары "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ соӊғы қарыз алушылары - АӨК субъектілеріне талабына ауыстырылды.

Жалпы Холдингтіӊ аталған банкке талабы соӊғы есеп беру күні 61,3 млрд теӊгені құрады, оныӊ ішінде мақсатты салымдар мен несиелер түрінде - 49,9 млрд теӊге, ағымдағы шоттарда - 11,4 млрд теӊге.

Банктіӊ берешегініӊ барлық сомасы Холдингпен 2013-2014 жылдары 1 млрд долларына және 600 млн еуроға шығарылған еурооблигациялар бойынша қарыз қаражаты есебінен іске асырылған АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру бағдарламасы шеӊберінде ("Агробизнес 2020" үкіметтік бағдарлама құрамында) құралғанын атап өту қажет."Delta Bank" АҚ Бағдарламаға қатысу туралы шешім қабылдау кезінде оныӊ рейтингі "тұрақты" болжаммен "В" деӊгейінде болды.

Ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржылай сауықтыру мақсатында Холдинг қазақстан банктерін қорландыруды жүзеге асырғанын еске саламыз, олар өз кезегінде АӨК субъектілерініӊ міндеттемелерін 10 жыл мерзімге дейін ұзартты. Бұдан басқа, Бағдарлама шеӊберінде бюджеттік қаражат есебінен АӨК субъектілерініӊ несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесініӊ бөлігі субсидияланады.

Барлығы Бағдарламаға қатысу үшін (Холдингтіӊ қорландыруға қатысуы кезінде) 11 қаржы институттарыныӊ ауылшаруашылық тауар өндірушілерінен 222 өтінім қабылданды, оныӊ ішінде 9 банкті іріктеу Парламент депутаттарыныӊ, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ, Қазақстанныӊ қаржыгерлері қауымдастығыныӊ, экономика, қаржы министрліктерініӊ және Ұлттық Банктіӊ өкілдерініӊ қатысуымен жүзеге асырылды.

Қазіргі күні Қаржылай сауықтыру бағдарламасы бойынша Холдинг тоғыз банкпен жұмыс істейді, олар өз міндеттемелерін белгіленген мерзімде орындайды, ал жеке банктер берешектерді мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырды. Соӊғы есеп беру күні (01.10.17ж.) Қаржылай сауықтыру бағдарламасы бойынша Холдингтіӊ банктерге талабы 95,62 млрд теӊгені және 544,6 млн. АҚШ долларын құрайды, өтеу мерзімі 2024 жылға дейін, деп хабарлайды холдингтіӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны