25.01.2018, 18:48 4752

"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен алған 60 млрд.теӊгеге қатысты түсініктеме таратты

"ҚазАгро" Холдингініӊ 2007 жылдан 2017 жылға дейін АӨК қаржыландыру көлемі 2,6 трлн.теӊгені құрайды, соныӊ ішінде 55 пайызы - Холдингтіӊ жеке қаражаты есебінен қаржыландырылды, 36 пайызы - Республикалық бюджет есебінен, 6 пайызы - тартылған қаржы есебінен, 3 пайызы - Ұлттық Қор қаржысы

"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингініӊ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен 60 млрд.теӊге сомасында облигация сатып алуы туралы ақпарат қоғамда және БАҚ-та қызу талқыға салынды. Осыған байланысты Холдинг аталған сұрақ бойынша қажетті мәліметті беру қажеттігін көздейді, делінген холдинг атынан таратылған хабарламада.

"Қазақстанда көп уақыттан бері экономикалық өсудіӊ іргелілік көздерімен қамтамасыз ету проблемасы бар, соныӊ бірі ұзақ мерзімді өтімділікті ұсыну болып табылады. Бүгінгі күні қаржыландару көздері Ұлттық қор, Бірыӊғай зейнетақы жинақтаушы қоры /МЗЖҚ/және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорыныӊ қаражаты екендігі мәлім.

"ҚазАгро" Холдингі ауылшаруашылық тауар өндіушілеріне теӊгемен қарыз беретінін атап өткен жөн. Агроөнеркәсіп кешенініӊ ұзақ мерзімді теӊгелік қаржы ресурстарына деген елеулі қажеттілігін ескере,МЗЖҚ Қазақстанда ірі инвесторлардыӊ бірі болуы мүмкін. Қазіргі уақытта агросалаға мемлекеттік компаниялар арқылы инвестициялау еӊ оӊтайлы түрі болып табылады:

1)нарық шарттарына сәйкес қарыз алу /осы жағдайда жылдық 11 пайызбен/ инвесторға табыс әкеледі /МЗЖҚ/;

2) қазақстандық экономикаға пайдасын тигізіп, саланыӊ дамуына үлесін қосады;

3) қаржы қорғалған: эмитент мемлекет бақылауында.

"ҚазАгро" Холдингініӊ сыртқы рейтингі Fitch (BBB-) и Standard and Poors (BB-) агенттіктеріне сәйкес, бұл Холдингтіӊ төлем қабілеттілігініӊ сенімді деӊгейін көрсетеді. "ҚазАгро" Холдингі МЗЖҚ қаржысын инвестициялау үшін ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банк тарапынан эмитенттерге қойылатын талаптарға сай. Демек, Холдингтіӊ сыртқы рейтингі мен несиелік сенімділігін ескере, тартылған қаржы айтарлықтай консерваторлық инфрақұрылым мен талаптарға инвестицияланған.

Мемлекет басқаруындағы компанияларға, ұлттық экономикаға қор қаржысын инвестициялау бүкіләлемдік тәжірибе екендігін атаған жөн. Мысалы, Ресей Федеарциясында зейнетақы қорыныӊ қаржысын инвестициялау қор нарығыныӊ елеулі өсімімен қатар, экономиканыӊ түрлі секторларын ұзақ мерзімді қорландыруға және сыртқы жабық өтімділік нарығыныӊ өсу қарқынын сақтап қалуға мүмкіндік берді. Мұндай тәжірибе Еуропа мемлекеттерінде кеӊінен қолданылады, түрлі қорлар, соныӊ ішінде тәуелсіз қорлар да мемлекеттік агенттердіӊ қаржылық құралдарын белгілі саланы қолдау үшін тартады. Мысалы, Францияныӊ қаржылық қоры Credit Agricol бағалы қағаздарын немесе Ресейдегі Қор мемлекеттік Россельхозбанк бағалы қағаздарын иемденді.

МЗЖҚ қаржысын "ҚазАгро" Холдингі "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК АҚ арқылы астық нарығына интервенциялауға жұмсауды жобалауда. Мұндай тәжірибе отандық өндірушілер үшін астыққа деген ішкі бағалар бойынша оӊ нәтижесін көрсетті және жүк тасымалдау мен жылжымалы составпен туындайтын маусымдық мәселені шешуге ықпалын тигізді, ауыл шаруашылық тауар өндірушілер мен республиканыӊ салалық бірлестіктері тарапынан айтылған мәселер шешілді. Сатып алынған бидай ішкі және сыртқы нарықта қолайлы баға мерзімінде сатылып, тартылған қаржыны толық көлемде қайтарылуын қамтамасыз етеді.

"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі өзіне алған міндеттемелерді еш уақытта бұзбаған. Бұл ҚР Үкіметінен бөлінетін, сонымен қатар шетел капитал нарықтарынан тартылған қаржыларға байланысты. Мысалы, 2013 жылдан 2017 жылға дейін көтемгі егіс және астық жинау науқандарын қаржыландыруға Республикалық бюджет есебінен 273 млрд.теӊге бөлінген. Бөлінген қаражат толық көлемде бюджет есебіне қайтарылды.

Сонымен қатар Холдинг - "Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ - Холдинг облигациясыныӊ мажоритарлық иесі алдындағы барлық міндеттемелерін толық және уақытылы орындауда, облигация айналдыру кезеӊінен /29.12.2014 жылдан/ 31,6 млрд.теӊгені құрады. Сондай ақ, Холдинг миноритарлық облигация иелеріне де 457 млн.теӊге көлемінде сыйақысын толық көлемде және уақытылы төледі.

Анықтама:

"ҚазАгро" Холдингініӊ 2007 жылдан 2017 жылға дейін АӨК қаржыландыру көлемі 2,6 трлн.теӊгені құрайды, соныӊ ішінде 55 пайызы - Холдингтіӊ жеке қаражаты есебінен қаржыландырылды, 36 пайызы - Республикалық бюджет есебінен, 6 пайызы - тартылған қаржы есебінен, 3 пайызы - Ұлттық Қор қаржысы /соныӊ ішінде қайта пайдаланылған/. Несиелендірудіӊ жалпы көлемінде шағын және орта бизнес үлесі 92 пайызды құрайды. "ҚазАгро" инвестициялық портфелінде 376 млрд.теӊгені құрайтын 570 инвестжобалар бар, соныӊ бүгінгі күні 334,4 млрд.теӊге құнымен 530 жоба іске қосылған. 10 жыл ішінде 196 мыӊ адам жұмыспен қамтылған, 44 мыӊ жаӊа жұмыс орындары құрылды. Орта есеппен жыл сайын 17,9 мыӊ адам жұмыспен қамтамасыз етіледі".

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ өзініӊ құрылымына кіретін компаниялардыӊ инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы, Қазақстанныӊ агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтіӊ құрамына "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ және "ҚазАгроМаркетинг" АҚ енеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны