20.02.2017, 19:16 4733

Қазақстан 117 елге 960-тан астам тауар түрін экспорттайды

Қазақстан 117 елге 960-тан астам тауар түрін экспорттайды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбек министрліктіӊ кеӊейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті,- деп хабарлайды мекеменіӊ баспасөз қызметі.

Астана. 20 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан 117 елге 960-тан астам тауар түрін экспорттайды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбек министрліктіӊ кеӊейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті,- деп хабарлайды мекеменіӊ баспасөз қызметі.

"Феррохромды 188 мыӊ тоннаға (+21% заттай) артығымен экспорттадық. Бірақ, ақшалай экспорттық түсім 15 млн. долларға төмендеді. Катодты мыстыӊ экспорты физикалық көлемде 36 мыӊ тоннаға өсті, бірақ төмендеген құндық мәні 90 млн. АҚШ долларынан астам. (Катодты мыстыӊ экспорттық бағасы орташа есеппен 950 долларға, сары фосфор 1400 долларға төмендеді.)",- деді министр.

Осыған байланысты Қытай, Иран, Түркия нарығына шығу жөніндегі, сауда миссияларын ұйымдастыру, экспорттық келісімдерді қаржыландыру, шығынды өтеу келісімдерін жүзеге асыру жолымен экспорттаушыларға көмектесу жұмыстары күшейтілді.

Министр Жеӊіс Қасымбектіӊ айтуынша, осы жұмыстардыӊ нәтижесінде электротехника (+38,8%-тен 134,3 млн.долл, дейін), дайын металл бұйымдары (+11,4% 92,2 млн.долл дейін), резина және пластмасса бұйымдары (+14,5% 55 млн.долл.дейін), құрылыс материалдары (+43,6%-тен 50,2 млн.долл. дейін), және тағы басқадайын өнім экспорты артатын болады.

"Аталған жұмысты күшейту үшін ҚР Үкіметі жанынан экспорт жөніндегі Ұлттық кеӊес, ал КазЭкспортГарант базасында мамандандырылған ұлттық компания "KAZAKH EXPORT" құрылады.

Жалпы, 2017 жыл өӊделген экспорт өсімініӊ қалпына келген жылы болады деп есептейміз",-деді министр Ж.Қасымбек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны