05.07.2013, 13:24 2976

Қазақстан астық экспорты көлемін 7,1 млн тоннаға дейін төмендетті

Бұл туралы бүгін Астанада өткен пленарлық отырыс барысында журналистер сауалдарына жауап берген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков хабарлаған.

Астана. 5-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан астық экспорты көлемін 7,1 млн тоннаға дейін төмендетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен пленарлық отырыс барысында журналистер сауалдарына жауап берген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков хабарлаған.

"Ағымдағы маркетингтік жыл ішінде, яғни өткен жылдың шілдесінен осы жылдың шілде айы аралығында 7,1 млн тонна астық экспортқа шығарылды. Естеріңізге сала кетейін, 2011-2012 маркетингтік жылы астық экспортының көрсеткіші 12 млн тонна деңгейінде болды", - деді А.Мамытбеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны