08.02.2018, 16:04 4919

Қазақстан делегациясы Дубайдағы инвестфорумға қатысады

Өз кезегінде, бүгін Астанада "Kazakh Invest" тарапынан алдын ала Біріккен Араб Имірліктері бизнесмендерініӊ одан әрі зерделеуі үшін жалпы сомасы шамамен 20 млрд. АҚШ долларын құрайтын 20 негізгі жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстар берілді.

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ бизнес қоғамдастығыныӊ өкілдері ағымдағы жылы сәуірде Дубай қ. өтетін Annual Investment Meeting инвестициялық форумына қатысады. Бұл туралы "Kazakh Invest" Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және ҚР-дағы БАИ Елшісі Мохаммад Ахмад Альджабердіӊ Астанадағы кездесуі барысында белгілі болды.

Дубай қ. сәуір айындағы форум кезінде Қазақстанныӊ инвестициялық мүмкіндіктерініӊ презентациясы жасалып, ҚР-ға инвестиция салуға мүдделі әмірлік компаниялармен бірнеше екі жақты кездесулер өтеді.

Өз кезегінде, бүгін Астанада "Kazakh Invest" тарапынан алдын ала Біріккен Араб Имірліктері бизнесмендерініӊ одан әрі зерделеуі үшін жалпы сомасы шамамен 20 млрд. АҚШ долларын құрайтын 20 негізгі жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ тараптар кездесуде елдер арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру бойынша одан арғы нақты қадамдарды белгіледі, логистика, туристік кластер, АӨК және басқа саладағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

"Біз АӨК жобаларына, атап айтқанда органикалық өндіріске, сондай-ақ Қазақстанныӊ логистикалық жобаларына инвестиция салуға дайынбыз", - деп ерекше атап өтті, ҚР-дағы БАИ елшісі Мохаммад Ахмад Альджабер.

"Al Khaleej Sugar" компаниясы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Шардара уданында ірі қант зауыты құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асыруға қызығушылық білдіруде. Алдын ала есеп бойынша зауыттыӊ құрылысына 375 млн. АҚШ долларын жұмсау жоспарлануда.

Кездесу қорытындылары бойынша "Kazakh Invest" Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және ҚР-дағы БАИ Елшісі Мохаммад Ахмад Альджабер үкіметаралық деӊгейде инвестициялар туралы келісім жасасу мүмкіндігін қарастыруға дайын екендігін айтты.

Сонымен қатар, қысқа мерзімде бірлескен Жол инвестициялық картасын әзірлеу және тұрақты негізде кездесулер өткізу туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, келесі бірлескен іс-шараны өткізу ақпанныӊ соӊына жоспарланды.

Анықтама: Қазақстанда БАИ-мен шамамен 200 бірлескен кәсіпорындар әрекет етеді. Имірлік компанияларыныӊ жұмыс жасайтын негізгі салалары агроөнеркәсіп кешені, мұнай қайта өӊдеу және мұнай-газ секторын дамыту, химиялық өнеркәсіп және құрылыс болып табылады. Біріккен Араб Имірліктері инвестицияларды тарту үшін басым елдер тізіміне кіреді. БАИ ҚР-дағы ел(ТШИ) активтері бойынша 13-ші орынды, ҚР-да капиталы бар кәсіпорындар саны бойынша 23-ші орынды және тауарайналымы бойынша 25-ші орынды алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны