19.06.2013, 11:30 3372

Қазақстан ет экспортын жылына 100 мың тоннаға дейін арттыруға ниетті

Қазақстанда басым бағыттар бойынша шеберлік жоспарлары аясында етті мал шаруашылығының экспортын жылына 100 мың тоннаға дейін жеткізу көзделген, деп хабарлады ауыл шаруашылығының вице-министрі Гүлмира Исаева мал шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша өткен алқа отырысында.

Астана. 19-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан ет экспортын жылына 100 мың тоннаға дейін арттыруға ниетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда басым бағыттар бойынша шеберлік жоспарлары аясында етті мал шаруашылығының экспортын жылына 100 мың тоннаға дейін жеткізу көзделген, деп хабарлады ауыл шаруашылығының вице-министрі Гүлмира Исаева мал шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша өткен алқа отырысында.

"Шеберік жоспарларын жүзеге асыру аясында 2020 жылға дейін келесі қарастырылған. Етті мал шарушылығы бойынша өндірісті 650 мың тоннаға дейін, ал экспортты жылына 100 мың тоннаға дейін арттыру мақсаты қойылған", - деді Г.Исаева.

Сонымен қатар, ол аталған көрсеткіштерге жету үшін негізгі құралдардың бірі несиелеу, айналым қаржысының қолжетімділігі, қаржыландыру лимитін арттыру және несиелік өнімді лизингке ұйымдастыру болатынын атап өтті.

"Мемлекеттік қолдау әр өңірге арналған әртараптандырылған тәсілге қатысты талаптар мен нормативтер орындалған жағдайда ғана жүзеге асырылатынын айта кеткен жөн, яғни мақсат қаражатты ақтауы тиіс, мал шаруашылығы өнімдерінің тиімділгін

қамтамасыз ету қажет, ал бұл қуаттылықтарды нақты маманданым бойынша орналастырған және өзіндік құнын барынша төмендеткен жағдайда ғана мүмкін", - деп хабарлады Гүлмира Исаева.

Өз кезегінде шеберлік жоспарларының мониторингін, бақылауын және жүзеге асыруын жергілікті атқарушы органдар іске асырады.

Осылайша, шеберлік жоспарларына сәйкес қой шаруашылығында 45 мың тонна қозы еті мен жылына 100 мың тері қаракөл мөлшерінде экспорт белгіленген, жылқы шаруашылығында ішкі сұранысты 100% қамтамасыз ету тапсырмасы қойылған.

Сонымен бірге, сүтті мал шаруашылығында әрекеттегі фермалардың мал басын жетілдіру және арттыру есебінен сүт және сүт өнімдері импортының орнын басу мақсатында сүт өндірісін 1 млн тоннаға арттыруға, 24,50 және 200 сауын табынға өнеркәсіптік және отбасылық сипаттағы жаңа фермалар салуға қол жеткізіледі. Өткен жылы Қазақстанда 4,8 млн тонна сүт өндірілген.

Құс шаруашылығында импорттың орнын басу үшін 50%-дан кем емес жаңа мұздатылған етті қосқанда құс еті өндірісінің қазіргі қуаттылығын 150 000 тоннаға арттыру көрсеткіштері алға қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны