06.02.2018, 16:31 6066

Қазақстан мен Финляндия компаниялары инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін цифрландыру саласында ынтымақтасуды жоспарлауда

Тараптар Қазақстанныӊ инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенініӊ (ИТК) энергия тиімділігін арттырудыӊ энергия және ресурстарды үнемдеу технологияларын алға жылжыту мәселелерін талқылады және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Астана. 6 ақпан. Kazakhstan Today - ТКШ ҚазОрталығы Финляндияныӊ барынша инновациялық және технологиялық компанияларын ұсынатын "KaukoInternational" халықаралық компаниясыныӊ басшылығымен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстанныӊ инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенініӊ (ИТК) энергия тиімділігін арттырудыӊ энергия және ресурстарды үнемдеу технологияларын алға жылжыту мәселелерін талқылады және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға сәйкес, компания бірнеше бағыттар бойынша өзара әрекеттесетін болады, ИТК секторындағы цифрлық технологияларды енгізу бойынша жобаларға жинақталатын болады. Оныӊ ішінде, Интернет істер және телекоммуникациялық индустрия және PISARA саласында алдыӊғы қатардағы жаӊашыл, инновациялық шешімдерді және инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешеніне арналған технологияларды жеткізіп берушісі болып табылатын UROS фин компаниясымен ынтымақтасу жоспарланып отыр. Өз мүмкіндіктері біріктіре отырып, компания су ресурстарын басқарудыӊ цифрландыру тұжырымдамасын әзірледі.

"SMART-технологияларды трансферттеу және су ресурстарын басқарудағы Интернет істердіӊ болашағы маӊызды болып табылады. Бұл SMART жүйесін су циклдеріне, орталықтандырылған жылыту жүйелеріндегі шығындарды цифрландыру және онлайн режимінде мониторингілеу, қалалар мен ауылдарда құйылатын судыӊ сапасы мен деӊгейін қадағалау үшін интернетті орнату.Мұндай ресурстарды басқару жүйесі басқа секторларда, оныӊ ішінде жылу, қуат және қалдықтарды басқару саласында сәтті қолданылған ", - деді UROS компаниясыныӊ Басқармасы Төрағасы Юрки Халликайнен.

Өз кезегінде, ТКШ ҚазОрталығы компания мамандарыныӊ әзірлеген инфрақұрылымды-тұрғын үй кешеніндегі "цифрлық экономика" құралдарын енгізу арқылы E-SHANYRAQ зияткерлік ақпараттық жүйесін құру концепциясымен таныстырды. Жүйе саланыӊ ашықтығын және ИТК субъектілерініӊ толық қамтуды қамтамасыз етеді. Финляндиядан келген мамандар аталған жобаны жоғары деӊгейде бағалады және Қазақстан үшін оны іске асырудыӊ экономикалық және әлеуметтік тиімділігі маӊызды мәнге ие болады.

"ТКШ ҚазОрталығы" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Джиенбаев

финдік компаниямен ынтымақтасу екі тарапқа да ұзақмерзімді пайда әкелетіндігіне нық сенім білдірді.

Өз сөзінде ол, "Қазіргі кезде, "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ бірнеше жаӊа жобалармен, оныӊ ішінде ИТК цифрландыру бойынша жұмыс істей бастады. Финляндияныӊ цифрлық технологиялар және инновациялық шешімдерді енгізудегі тәжірибесініӊ көптігін және сәттілігін ескере отырып, саланы жаӊғырту және дамытуда бірлесіп жемісті жұмыс атқаруда тығыз ынтымақтастық орнатамыз деген сенімдеміз." - деп атап өтті.

Естеріӊізге сала кетейік, "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ Қазақстанныӊ инфрақұрылымы мен тұрғын үй кешені секторындағы инновацияларды енгізудіӊ оӊтайлы нұсқаларын табу үшін белсенді түрде жұмыс жасауда. Компания мамандары Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтыӊ инвестициялық тартымдылығын арттыру, бюджеттік емес инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мақсатында шетелдік және халықаралық қаржы ұйымдарымен кездесулер өткізеді, еӊ озық және тиімді технологияларды талдайды.

Анықтама үшін:

"Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаӊғырту мен дамытудыӊ қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамы ("ТКШ Қазорталығы" АҚ) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаӊғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И. Назарбаевтыӊ тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметініӊ негізгі бағыттары ТКШ инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ТКШ саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.

"KaukoInternational"Халықаралық компаниясы(Финляндия) өнеркәсіп, энергетика, инновациялар, "жасыл" мехнологиялар салаларындағы жобаларды орындауға мамандандырылған. Компания 100 аса алдыӊғы қатарлы еуропалық өндірушілерді ұсынады, іске асырылған және іске асырылмаған қомақты жобалары бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны