11.08.2018, 19:17 5186

Қазақстан мен Германия органикалық өнім өндіруді сертификаттауды талқылады

Қазақстанда органикалық өндірісті дамыту белсенді қалыптасу кезеӊінде. Қазіргі кезде халықаралық стандарт бойынша 30-дай сертификатталған өндіруші бар, олар органикалық өнім өндіруге 300 мыӊ га жерді игеруде. Қазіргі күні бұл өнім экспортқа бағытталған, бірақ Қазақстанда қажетті жағдай жасалған жағдайда жеке ішкі нарыққа да арнап өнім өндіруі мүмкін.

Астана. 11 тамыз. Kazakhstan Today - ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетініӊ Ұлттық аккредиттеу орталығында осы аптада ҰАО бас директорыныӊ орынбасары Айтмұхан Мусин Германия Федеративті Республикасы Азық-түлік және ауыл шаруашылғы федералды министрлігініӊ (BMEL) делегациясымен және "GFA Group GmbH" компаниясынан Жудит Конспен (Judith Kons) кездесу өткізді.

Осы кездесу "Қазақ-Герман аграрлық саяси диалогы" жобасы бойынша бірлескен жұмыс жүргізу аясында Дитхард Рудерттіӊ басшылығымен өтті.

Кездесу барысында жоба аясында бірлескен жұмыс қорытындысы мен Қазақстандағы органикалық өнім өндіруді сертификаттау саласындағы жоспарланған бірлескен іс-шаралар талқыланды.

Осы кездесуге "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ-ныӊ өнімдер мен қызметтердіӊ сәйкестігін растау Орталық органыныӊ өнімдер мен қызметтердіӊ сәйкестігін растау бөлімініӊ бастығы - Гаухар Ахметова қатысты.

"Қазақ-Герман аграрлық саяси диалогы" жобасыныӊ көмегімен Қазақтанда органикалық өнім өндіруді сертификаттау жүйесін дамыту басталды, аграрлық-саяси диалог жобасыныӊ көмегі өте заманауи және жоғары кәсіби деӊгейде.

Жобаға тартылған Германияныӊ сарапшылары бірнеше мәрте семинарлар өткізді, қазақтандық стандарттарға сараптама жүргізді, Ұлттық аккредиттеу орталығы мен Сәйкестікті растау органдарыныӊ мамандарына арнап тағылымдама ұйымдастырды, органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау саласындағы өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті.

Бүгінгі күні органикалық ауыл шаруашылығы - қазіргі күні күш алып жатқан әлемдік трендтіӊ бірі.

Қазақстанныӊ ауыл шаруашылығы алқаптарыныӊ жалпы алаӊы 177,8 млн.га, оныӊ ішінде жайылымдық жер - 146,9 млн.га, шабындық жер мен кендер - 26,7 млн.га, шабындық жер - 4,2 млн.га-ны құрайды. Экологиялық таза аумақтыӊ болуы органикалық ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы жағдай туғызады.

Қазақстанда органикалық өндірісті дамыту белсенді қалыптасу кезеӊінде. Қазіргі кезде халықаралық стандарт бойынша 30-дай сертификатталған өндіруші бар, олар органикалық өнім өндіруге 300 мыӊ га жерді игеруде. Қазіргі күні бұл өнім экспортқа бағытталған, бірақ Қазақстанда қажетті жағдай жасалған жағдайда жеке ішкі нарыққа да арнап өнім өндіруі мүмкін.

Бүгінгі күні органикалық тамақ өнімін өндіру "Органикалық өнім өндіру туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заӊыен және "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасыныӊ Заӊымен реттеледі.

Қазақтанда органикалық өнім өндіруді сертификаттау қазақстандық органикалық өнім өндіруді дамытуға, экологиялық балансты жақсартуға түрткі болатыны хақ, топырақты жақсартуға жағдай туғызады, органикалық отандық өнімді тұтынуды ұлғайтуға дем береді. Бұныӊ бәрі халықтыӊ денсаулығын жақсартуға ықпал етеді әрі органикалық өнімді шет елге экспорттауды ұлғайтады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны