20.04.2018, 23:03 5711

Қазақстан мен Вьетнам жүк тасымалына екі ел теміржолын пайдаланбақ

Тараптар отырыс барысында ҚР мен ВСР инфрақұрылымдарыныӊ жүк тасымалына қатысты мүмкіндіктерін таразылады. Оныӊ ішінде вьетнамныӊ теӊіз порттары, қытайлық Ляньюньган портыныӊ логистикалық терминалын, "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА Құрғақ портын пайдалану қарастырылды.Кездесуге ҚР Вьетнамдағы Төтенше және өкілетті елшісі Б. Жұмаханов қатысты.

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - 16-20 сәуірде "ҚТЖ" ҰК" АҚ вице-президенті Санжар Елубаев Дананг (Вьетнам) қаласындағы Теміржолы көлігі ынтымақтастығыныӊ (ТЖЫҰ) Бас директорлары (жауапты өкілдері) ХХХIII теміржол Конференциясы отырысына қатысты.

ТЖЫҰ-ныӊ Бас директорлары (жауапты өкілдері) ХХХIII теміржол Конференциясы отырысы барысында ТЖЫҰ Комиссиясы 2017 жылы атқарылған жұмыстардыӊ қорытындысын тыӊдады. Оныӊ ішінде жүк және жолаушылар тасымалы, инфрақұрылым мен жылжымалы құрам жайы, ТЖЫҰ Тұрақты жұмыс тобыныӊ ақпараттандыру және кодтау, сонымен қатар қаржылық және есеп алмасу, кадр мәселелері қарастырылды.

Оныӊ сыртында тараптар халықаралық тікелей теміржол бағдары туралы Конвенция жобасы мәтінін қабылдау бойынша Халықаралық үкіметаралық Конференция өткізу жайын, ТЖҰЫ-ға Корея Республикасыныӊ мүшелігін талқылады. 2017 жылы ТЖЫҰ атқарған жұмыс қорытындысыныӊ нәтижелерін, сонымен ТЖЫҰ 2019 жылға арналған Бағдарламасы бойынша есептерді тыӊдады.

Конференция қатысушылары ТЖЫҰ Бағдарламасыныӊ орындалу барысына және үйлестірушілік роліне оӊ баға берді. Теміржол көлігі әкімшіліктерініӊ алдында тұрған міндеттемелері мен бизнес жоспарларын жүзеге асыруға ықпалын жоғары бағалады.

Қазіргі таӊда ТЖЫҰ қызметі теміржол көлігі саласыныӊ тұрақты тапсырыс берушілерімен және серіктестерімен қызмет аясын кеӊейтіп, Оӊтүстік, Оӊтүстік-Батыс және Оӊтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланысын тереӊдете түсуде.

Конференция отырысына ТЖЫҰ мүше елдерініӊ теміржол көлігі әкімшілігі басшыларымен, бақылаушы өкілдері, ТЖЫҰ комитеті мен теміржол кәсіпорындары және халықаралық ұйымдардыӊ өкілдері қатысты.

ТЖЫҰ-ныӊ Бас директорлары (жауапты өкілдері) ХХХIII теміржол Конференциясы отырысы аясында "ҚТЖ" ҰК" АҚ вице-президенті Санжар Елубаев "Вьетнам темір жолы" ММ бас директоры Ву Та Тунгпен кездесіп, көлік-логистика саласындағы бірлескен жұмыстарды атқару жайын келісті. Кездесуге вьетнамдық "RATRA Co." көлік компаниясы, "Ханой тасымалдау компаниясы" басшылығы қатысты.

Тараптар 2017 жылы ақпанда қол қойылған "ҚТЖ" ҰК" АҚ мен "ВТЖ" ММ арасындағы өзара серіктестік туралы Меморандумныӊ орындалу барысын талқылады. Оныӊ ішінде жүк тасымалына Вьетнам теӊіз порттарын, Қытайдыӊ Ляньюньган портыныӊ логистикалық терминалы, Вьетнам теміржол шекаралық өткелі Пинсян (ҚХР)-Донгданг (Вьетнам) Еуропа, Ресей, Орталық Азия елдері және кері бағытта тікелей контейнерлік пойыз ұйымдастыруды қамтамасыз ету жайын одан әрі дамытуға келісті.

Сонымен қатар, "ҚТЖ" ҰК" АҚ вице-президенті Санжар Елубаев Қытай теміржолыныӊ бас директорыныӊ орынбасары Чень Чжунмен кездесті. Тараптар екі жақты қарым-қатынастыӊ болашағын талқылады.

Тараптар отырыс барысында ҚР мен ВСР инфрақұрылымдарыныӊ жүк тасымалына қатысты мүмкіндіктерін таразылады. Оныӊ ішінде вьетнамныӊ теӊіз порттары, қытайлық Ляньюньган портыныӊ логистикалық терминалын, "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА Құрғақ портын пайдалану қарастырылды.Кездесуге ҚР Вьетнамдағы Төтенше және өкілетті елшісі Б. Жұмаханов қатысты.

Отырыс қорытындысымен жұмыс тобыныӊ алғашқы отырысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны