05.10.2018, 16:55 6860

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясыныӊ Үкіметтері қол қойған хаттама Қазақстаннан ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді

Қазіргі таӊда Қазақстанда ашық түсті мұнай өнімдерін тасымалдауға тыйым салынған. Қол қойылған Хаттама Қазақстандағы жаӊғыртылған мұнай өӊдеу зауыттарында шығарылған ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді.

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 3 қазанда Мәскеуде "Ресей энергетикалық апталығы - 2018" Халықаралық форумыныӊ шеӊберінде Қазақстан Республикасыныӊ Энергетика министрі Қ. Бозымбаев және Ресей Федерациясыныӊ Энергетика министрі А. Новак 2010 ж. 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасыныӊ және Ресей Федерациясыныӊ Үкіметтері арасындағы Қазақстанға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үкіметаралық Хаттамаға (бұдан әрі -Хаттама) қол қойды.

Енгізіліп жатқан өзгерістер Ресейден Қазақстанға мұнай өнімдерін кіргізу және Қазақстан аймағынан Еуразиялық экономикалық одақтыӊ кедендік аймағынан тыс шығару мәселелерін реттеуді ведомствоаралық деӊгейге шығаруға мүмкіндік береді (екі елдіӊ энергетика ведомстволары).

Осылайша, Қазақстан жанар-жағармайдыӊ ішкі нарығындағы балансына байланысты мұнай өнімдерініӊ кейбір түрлерініӊ экспортын және импортын ашу/жабу бойынша шешімдерді жылдам қабылдай алады.

Қазіргі таӊда Қазақстанда ашық түсті мұнай өнімдерін тасымалдауға тыйым салынған. Қол қойылған Хаттама Қазақстандағы жаӊғыртылған мұнай өӊдеу зауыттарында шығарылған ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны