08.12.2016, 11:46 3819

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі жеке тұлғалардыӊ теӊгеде ашылған депозиттері бойынша 11 млрд. теӊгеден астам сомаға өтемақы төледі

"Өтемақыны 2016 жылғы 10 желтоқсанды қоса алғанда өзініӊ депозиттерін 2015 жылғы қарашада қайта ресімдеген және оларды бір жыл ішінде талап етпеген салымшылар Өтемақы тәртібініӊ талаптарына сәйкес алады",- делінген хабарламада

Алматы. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі жеке тұлғалардыӊ теӊгеде ашылған депозиттері бойынша 11 млрд. теӊгеден астам сомаға өтемақы төледі,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚР Ұлттық банкініӊ баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, "Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі еркін өзгермелі айырбастау бағамына өтуге байланысты жеке тұлғалардыӊ ұлттық валютада (теӊгеде) ашылған депозиттері бойынша өтемақы тетігін іске асыру шеӊберінде 11 млрд. теӊгеден астам сомаға өтемақыныӊ соӊғы траншын төлеуді жүзеге асырды, сонымен қатар өтемақы төлеу рәсімін аяқтады".

"Өтемақыны 2016 жылғы 10 желтоқсанды қоса алғанда өзініӊ депозиттерін 2015 жылғы қарашада қайта ресімдеген және оларды бір жыл ішінде талап етпеген салымшылар Өтемақы тәртібініӊ талаптарына сәйкес алады",- делінген хабарламада.

ҚР ҰБ ақпаратына сәйкес, үшінші транш бойынша өтемақы сомасын есептеу кезінде 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша ұлттық валютаныӊ (теӊгеніӊ) АҚШ долларына бағамы - бір АҚШ доллары үшін 188,35 теӊге және 2016 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша ұлттық валютаныӊ (теӊгеніӊ) АҚШ долларына бағамы - бір АҚШ доллары үшін 340,30 теӊге пайдаланылды.

Жеке тұлғалардыӊ салымдары бойынша Өтемақы тәртібі шеӊберінде төленген өтемақыныӊ жалпы сомасы шамамен 53,8 млрд. теӊгені құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны