Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
30 сәуір 2017
  • 09
  • :
  • 25
17:00

Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 12% деӊгейінде сақтады09.01.2017
Экономика  17:45
Алматы. 9 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда базалық мөлшерлеме пайыздық мөлшерлеме ауытқуыныӊ +/-1% дәлізімен 12% деӊгейінде сақталды. Бұл туралы брифинг кезінде журналистерге Қазақстан Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Өтімділік беру операциялары бойынша мөлшерлемелер13%, ал өтімділікті алу операциялары бойынша - 11% құрады", деп нақтыладықаржы реттеушісініӊ басшысы.

"Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2017 жылғы 20 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 17-00-де хабарланады", - деп хабарлады Д. Ақышев.

Сондай-ақ, ол базалық мөлшерлеме бойынша перспективаларға қатысты өзініӊ болжамдарымен бөлісті: "Байқалатын оӊ үрдістер ішкі және сыртқы күйзелістер болмаған кезде жақын айларда оныӊ төмендеу ықтималын арттырады.

2016 жылы ҚР Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені бірнеше рет төмендеткенін еске саламыз. 2016 жылғы наурызда базалық мөлшерлеменіӊ17% деӊгейінде сақталатыны хабарланды, ал мамырда Қазақстан Ұлттық Банкі оны 15%-ға дейін төмендетті. Шілдеде базалық мөлшерлеме 13%-ға дейін, ал 2016 жылғы қазанда - 12,5%-ға дейін төмендетілді. 2016 жылғы базалық мөлшерлеме бойынша соӊғы шешімді Қазақстан Ұлттық Банкі оныӊ 12%-ға дейін төмендетілгені туралы хабарлай отырып, 14 қарашада мәлімдеді.
Просмотров: 1498

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter