09.01.2017, 10:31 4227

Қазақстан Ұлттық Банкі экономиканы біртіндеп қалпына келтіру үрдісін атап өтті

Экономиканы біртіндеп қалпына келтіру үрдісі жалғасып келеді. Базалық салаларды дамыту үрдістерін сипаттайтын қысқамерзімді экономикалық индикатор 2016 жылғы қарашада жылдық көрсетілуде 2,7%-ға өсті.

Алматы. 9 қаӊтар. Kazakhstan Today - Экономиканы біртіндеп қалпына келтіру үрдісі жалғасып келеді. Базалық салаларды дамыту үрдістерін сипаттайтын қысқамерзімді экономикалық индикатор 2016 жылғы қарашада жылдық көрсетілуде 2,7%-ға өсті. Бұл ретте, 2016 жылғы 11 ай ішінде жинақталған қорытындымен аталған көрсеткіштіӊ өсуі жылдық көрсетілуде 0,5%-ды құрады, бұл жылдыӊ басынан бастап байқалған құлдырау аймағынан шығуды растайды. Мұндай деректерді брифинг барысында журналистерге Қазақстан Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сондай-ақ Д. Ақышев "нарықта шамадан тыс теӊге өтімділігі сақталып отыр. Дағдарыс құбылыстарыныӊ туындауыныӊ алдын алу үшін, сондай-ақ инфляциялық қысымныӊ күшеюін болдырмау үшін Ұлттық Банк қысқамерзімді ноттарды шығара отырып оны алып отырады" деп атап өтті.

"7 және 28 күндік ноттардан басқа, Ұлттық Банк одан да ұзын ноттарды шығарады, олар банктер тарапынан жоғары сұранысқа ие.Ноттарды шығару кірістілігі қисығыныӊ қысқа мерзімді бөлігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді құрал болды. 9 желтоқсанда бір жылдық ноттарды орналастыру бойынша үшінші аукцион өткізілді, бұл ретте, оларға сұраныс ұсыныстан 3 еседен астам артық болды", - деп нақтылады Ұлттық Банк басшысы.

Бұдан басқа, Д. Ақышев "желтоқсанда Ұлттық Банк қайталама нарықта Қаржы министрлігініӊ айналыс мерзімі 2-ден бастап 5 жылға дейін болатын мемлекеттік бағалы қағаздардыӊ бұрын мәлімделген көлемін сатуды аяқтады. Бұл қалыптасып келе жатқан кірістілік қисығын ұзартуға және оныӊ ортамерзімді секторын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қаржы министрлігініӊ 5 жылдық қазынашылық облигацияларын орналастыру бойынша 2016 жылғы 20 желтоқсанда өткен соӊғы аукционныӊ кірістілігі 9,3% болды" - деп хабарлады.

Нәтижесінде, желтоқсанныӊ соӊында ақша нарығында Ұлттық Банктіӊ өтімділікті таза алуы 1964,0 млрд. теӊге болды. ҚРҰБ-ныӊ ашық позицияларыныӊ көлемі тікелей РЕПО операциялары бойынша 35,05 млрд. теӊге, кері РЕПО операциялары бойынша - 389,39 млрд. теӊге, Ұлттық Банктегі банк депозиттері бойынша - 323,46 млрд. теӊге болды. Айналыстағы қысқамерзімді ноттар 2 518,7 млрд. теӊгеге жетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны