13.03.2015, 21:44 4208

Қазақстанда 2015 жылдыӊ қаӊтар-ақпанында бөлшек сауда көлемі 3,9 пайызға көбейді

2015 жылғы қаӊтар-ақпанда бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеӊмен салыстырғанда 3,9%-ға жоғарылап 857,2 млрд. теӊгеге жетті

Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - 2015 жылғы қаӊтар-ақпанда бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеӊмен салыстырғанда 3,9%-ға жоғарылап 857,2 млрд. теӊгеге жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлағандай, 2015 жылғы қаӊтар-ақпанда сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2014 жылғы қаӊтар-ақпанға қарағанда 470,6 млрд. теӊгені құрады немесе нақты мәні 2,2%-ға артық, деп хабарлады strategy2050.kz сайты.

2015 жылғы қаӊтар-ақпанда базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда нақты мәні 6,1%-ға жоғарылады, аталған өткізу арнасыныӊ үлесі бөлшек сауданыӊ жалпы көлемінде 45,1%-ды құрады.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданыӊ жалпы көлеміне 65,8%). Азық-түлік емес тауарлардыӊ бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 6,2%-ға өсті, азық-түлік тауарлар - 0,8%-ға төмендеді.

2015 жылғы 1 наурызға бөлшек саудадағы саудамен айналысатын кәсіпорындардыӊ тауарлық қорларыныӊ көлемі 292,0 млрд. теӊгені құрады, саудадағы күндері - 67 күн.Бөлшек сауданыӊ жалпы көлеміндегі аса жоғары үлес салмақты 2015 жылы қаӊтар-ақпанда республикада Алматы қаласы (29,6%), Астана қаласы (10,8%) және Қарағанды облысы (10,3%) құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны