19.07.2018, 15:16 4771

Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаӊтардан бастап жеке тұлғалардыӊ табыстарын декларациялау енгізіледі

Алдын-ала есептеу бойынша, 2020 жылы 18 жасқа жетуді ескере отырып, шамамен 12,9 млн. адам декларациялауға жатады, оныӊ ішінде қала халқыныӊ саны 7,4 млн. адамды құрайды, ауыл халқыныӊ саны 5,5 млн. адам.

Астана. 19 шілде. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 18 шілдесінде ҚР Үкіметініӊ баспасөз орталығында Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу туралы баспасөз конференциясы болып өтті.

Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК Төрағасы орынбасарыныӊ міндетін атқарушы М.Т.Тәкиев сөз сөйледі.

2020 жылғы 1 қаӊтардан бастап жеке тұлғалардыӊ табыстарын декларациялауды енгізу "100 нақты қадам Ұлт жоспарыныӊ" 42-қадамын жүзеге асыру аясында жүргізілетінін атап өткен жөн.

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізу мақсаты - көлеӊкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру үшін жеке тұлғалардыӊ табыстары мен мүліктерін тиімді бақылау жүйесін құру болып табылады.

Жалпыға бірдей декларация жүйесін енгізу салықтық әкімшілендіруді барынша қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және салықтарды толық төлеуді қамтамасыз етеді.

2020 жылы Декларацияны кімдер тапсырады десек, олар:

- Қазақстан Республикасыныӊ кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ықтиярхаты бар адамдар;

кәмелетке толмағандар - егер оларда мүлік тіркелсе немесе табыс алса;

шетелдіктер - Қазақстан Республикасыныӊ аумағында меншік немесе үлес болған кезде.

Алдын-ала есептеу бойынша, 2020 жылы 18 жасқа жетуді ескере отырып, шамамен 12,9 млн. адам декларациялауға жатады, оныӊ ішінде қала халқыныӊ саны 7,4 млн. адамды құрайды, ауыл халқыныӊ саны 5,5 млн. адам.

Декларациялау жүйесін енгізгенде 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жеке тұлғаныӊ активтері мен міндеттемелері бойынша жеке тұлғалардыӊ активтері, дебиторлық берешегі және төленуі, шетел банктері бойынша ақшалай және банк реквизиттері (депозиттері, заемдары) туралы 250.00 түріндегі бастапқы (енгізу) декларация табыс етіледі.

Бұдан басқа, жеке тұлға мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, биологиялық активтер түрінде басқа да мүлікті көрсете алады.

Декларацияларды электронды түрде ұсынуға мүдделі болу үшін, өтініш беру үшін екі мерзім бар:

- 15 шілдеге дейін декларацияны қағаз бетіне тапсыратындар үшін, сондымен де

- декларацияны электронды түрде ұсынатындар үшін 15 қыркүйекке дейін.

Келешекте табыстыӊ және мүліктіӊ декларациясы жыл сайын (жылдық) табыс етіледі, ол 2 нысан бойынша қарастырылған - 270.00 кеӊейтілген нысаны, 260.00 қысқаша нысаны.

Кеӊейтiлген декларацияда жыл ішіндегі табыстар көрсетіледі, салықтарды шегерiмдер, жылжымайтын мүлiктi, көлiктi, бағалы қағаздарды, меншiктi капиталды, инвестициялық алтындарды, туынды қаржы құралдарын сатып алу (ақысыз алу) немесе иелiктен шығару (ақысыз беру).

Кіріс пен мүліктіӊ қысқаша декларациясын (бір парақта) зейнеткерлер, студенттер мен жалданбалы жұмысшылар ұсынады. Осылайша, бір жыл ішінде басқа ешқандай табыс алынбағанын растайды. Бұл декларациянытұрғындардыӊ шамамаен 70%-ы табыс етеді (мұғалімдер, зейнеткерлер, студенттер мен жалданбалы жұмысшылар).

Декларацияларды қабылдау және өӊдеу механизмін анықтау, сондай-ақ уәкілетті органдардыӊ деректерін салыстыру бойынша салық төлеушілердіӊ мақсатты топтарын талдауды жүргізу мақсатында, Қарағанды облысыныӊ Осакаров ауданында пилоттық жоба іске қосылды.

Пилотты жүргізу үшін әртүрлі алшақтықтағы үш ауылдық округ анықталды (Жансары а/о, Есіл а/о, Озерное а/о). Алдын-ала толтыру рәсімін жүзеге асыру үшін уәкілетті органдардыӊ ақпараттары алынды және декларациялардыӊ нысаны толтырылды.

Бүгінгі күні пилоттық жоба Озерный а/о және Есіл а/о аяқталды.

Жалпы алғанда 1 902 өтініш қабылданды, оныӊ ішінде 102 (5,4%) салық төлеушілердіӊ уәкілетті органдарыныӊ ақпаратымен сәйкессіздіктер анықталды.

Сонымен қатар, пилотты жүргізу барысында 1 528 ЖТ сауалнама жүргізілді, нәтижесінде келесі анықталды:

Тұрғындардыӊ 80%-ы СЕН электронды түрде немесе мобильді қосымша арқылы табыс етуді қалады, калғандары қағаз тасымалдауышта.

Декларацияны толтыру кезіндемәселелер болған жағдайда:

- 39,6% ХҚКО-на;

- МКБ-на 32%;

- "1414" байланыс орталығына 20,9% жүгінуді қалайды.

Қазіргі кезде Жансары а/о пилоттық жоба жүргізілуде.

Ақпараттық жүйелерде у?кілетті мемлекеттік органдардыӊ м?ліметтері негізінде алдын-ала толтырылған декларацияны жасау тетігін енгізуді жоспарлап отырмыз, ол жеке тұлғаныӊ декларациясын толтыруға жеӊілдетеді, сондай-ақ декларацияларды электронды түрде ұсынуды ынталандырады.

Бұған қоса, бүгінгі күні үкімет деӊгейінде E-gov сайтында салық төлеушініӊ кеӊсесін құру мәселесі шешілді. Бұл салық төлеушініӊ кеӊсесі алдын ала толтырылған декларацияны қалыптастыру және СЕН қабылдауда ұқсас механизмін қарастырады.

МКК интернет-ресурсында салық төлеушілерді ақпараттандыру мақсатында түсіндірме сипаттағы ақпарат орналастырылған.

Сондай-ақ, жиі қойылатын сұрақтар бойынша сұрақтар мен жауаптар жинағы жасалды.

Статистика комитетімен 2019 жылдыӊ қараша-желтоқсан айларына жоспарланған халық санағын жүргізе кезінде буклеттерді тарату арқылы тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу сұрағы өӊделуде.

Жоғарыда аталған іс-шаралардан басқа, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметшілердіӊ мамандығын жоғарылату бойынша оқыту бағдарламасына Жалпыға бірдей декларациялау сұрақтары енгізілген.

Сондай-ақ, декларациялауға жататын төлеушілер санаттарын анықтауға Экспресс көмек және декларацияны"Step by step" (Қадамдық қадам) қағидасы бойынша толтыру әзірленген.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны