13.03.2015, 21:41 4128

Қазақстанда 5 жылда ауыл шаруашылығыныӊ жалпы ішкі өнімі екі есе артты

"Соӊғы 5 жылда ауыл шаруашылығыныӊ жалпы ішкі өнімі 2 есе артты және өткен жылы 2,5 трлн теӊгені құрады", - деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков "Қазақстанныӊ азық-түлік қауіпсіздігі: ауыл шаруашылығы мен агробизнесті дамыту қажеттілгі" атты конференцияда

Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда соӊғы 5 жылда ауыл шаруашылығыныӊ жалпы ішкі өнімі екі есе артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Соӊғы 5 жылда ауыл шаруашылығыныӊ жалпы ішкі өнімі 2 есе артты және өткен жылы 2,5 трлн теӊгені құрады", - деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков "Қазақстанныӊ азық-түлік қауіпсіздігі: ауыл шаруашылығы мен агробизнесті дамыту қажеттілгі" атты конференцияда, деп хабарлады primeminister.kz сайты.

Оныӊ айтуынша, бес жылдық мерзімде экспорт 1,6 есе өсіп, 3 млрд долларға жуық шамада болды. Осы ретте, министр атап өткендей, Қазақстан ұн экспорты бойынша соӊғы 6 жылда әлемде көшбастап келеді және негізгі капиталға да инвестиция артуда.

"Мысалы, өткен жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 1 млрд доллар шамасында балды, ал өсім 16%-дан асып жығылды. Бұл экономика салаларыныӊ ішіндегі еӊ жоғарғы өсім", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар, министр атап өткендей, Қазақстанда ауыл шаруашылығы алқаптарыныӊ тиімді пайдаланылуына көӊіл бөлу керек. Оныӊ мәліметі бойынша, бүгінде 35 млн га алқаптыӊ тек 25 млн га ғана игеріледі. Осы ретте әр гектардан орташа есеппен жылына 11,4 центнер бидай алынады, бұл өз кезегінде төмен көрсеткіш болып есептеледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны