09.04.2018, 20:41 4285

Қазақстанда 824 колледж бар және маман дайындауға 107 млрд теӊге бөлінеді

Үкіметпен мемлекеттік тапсырыс дайындалғанда 50%-ына бизнестіӊ қатысуы қамтамасыз етіледі деген келісімге қол жеткіздік, бизнес өздеріне қажетті мамандарды және кәсіпорыннан қанша қажет екенін анықтайды. Кәсіби-техникалық білім беруде дәл осындай тәсіл білім алушылардыӊ алдағы уақытта жұмыспен қамтылатындарына сенімді болуға, кәсіпорындарды қажетті мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп хабарлады Тимур Құлыбаев.

Шымкент. 9 сәуір. Kazakhstan Today - "Атамекен" ҚР ҰКП Төралға Төрағасы Тимур Құлыбаев Оӊтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерін шекаралас нарықтарда бәсекеге қабілетті болу мақсатында ауыл шаруашылық кооперациясына белсенді қатысуға шақырды

"Атамекен" басшысы Шымкент қаласында өткен Өӊірлік кеӊесте "Атамекен"Ұлттық кәсіпкерлер палатасыжергілікті әкімдікпен бірігіп, Өӊірдіӊ даму картасын әзірлеп жатқанын айтты. Картаға жергілікті өнімді өӊдеу мен өткізу мәселелері енгізілмек.

"Өзініӊ бәсекеге қабілетті өнімі бар Өзбекстан шекарасын ашып жатқан уақытта бұл өте өзекті мәселе. Осы ретте біз отандық тауар өндірушілеріне кооперацияларды құру, өнімді өӊдеу, сақтау және өткізуде барынша қолдау көрсетуіміз керек. "Атамекен" ҰКП және Оӊтүстік Қазақастан облысы әкімдігініӊ бірлесуімен ауыл шуарышылғындағы кооперацияныӊ сәтті үлгілерін құрып, осы тәжірибені басқа өӊірлерге таратуымыз жөн", - деді Тимур Құлыбаев.

"Атамекен" басшысыныӊ айтуынша мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор тапсырыстары жергілікті тауар өндірушілерін қолдаудыӊ тиімді құралы болмақ. "Атамекен" отандық компаниялардыӊ тапсырыстарға жобалық-сметалық құжат деӊгейінде қатысуын қамтамасыз ету жолында жұмыс істеп жатыр. Осындай үдерісті Оӊтүстік Қазақстан облысында белсенді қолдану керек.

"Бүгінде АҚШ билігі жергілікті халықты жұмыспен қамтуды қолдау мақсатында бұрын басқа мемлекетте орналасқан өндіріс ошақтарын ел территориясына жаппай қайтарып жатыр. Тура осындай үдеріс Еуропа мен Ресейде де қолға алынған. Ресей санкциялар салдарынан импортты алмастыруды белсенді жүргізіп отыр. Отандық тауар өндірушілерін қолдауда бізде де құралдар бар. Бірінші кезекте мұны ұзақмерзімді шарттарды ұсыну арқылы жүзеге асыруға болады. Мемлекеттік және "Қазатаомпром" сынды ірі компаниялардыӊ сатып алуларында бірінші кезекте осы өӊір кәсіпорындары қатысуы керек", - деді "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы.

Төралқа Төрағасы соӊғы екі жылда жергілікті қамту үлесі 52%-ға артқан "Жасампаз" консорциумыныӊ жұмысын мысалға келтірді. Бұл консорциум мемлекеттік қорғаныс саласыныӊ ұзақмерзімді тапсырысын алу арқылы өндірісті жаӊартып, жаӊа жұмыс орындарын құруды сәтті жүргізді.

Тимур Құлыбаев халықты жұмыспен қамту мәселесіне жеке тоқталды. Оӊтүстік Қазақстан облысы - халық көп шоғырланған өӊір. Сондықтан азаматтардыӊ кәсіпкерлік негіздеріне оқыта отырып, бизнеспен айналысуға жұмылдыруға басымдық беру керек. Бұл үшін елімізде "Бастау" жобасы сәтті жұмыс істеуде. Жаӊа оқу жылынан бастап орта мектептіӊ жоғары сынып оқушыларыныӊ кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәні енгізіледі.

"Халықты қалай жұмыспен қамту керек, сонымен қатар өнімді еӊбекпен айналысып, өздерін өздері асырай алатындай, аяқтарынан нық тұру үшін не істеу керек? Кәсіпкерлік - көпшіліктіӊ әлеуетін жүзеге асыратын ауқымды сала. Оӊтүстік Қазақстан облысы үшін мұныӊ маӊызы зор, себебі елімізде бала туу көрсеткіші де осы өӊірде жоғары", - деді Тимур Құлыбаев.

Жиын барысында кәсіпорындарда маман дайындау мәселесі де көтерілді.

"Қазақстанда 824 колледж бар және маман дайындауға 107 млрд теӊге бөлінеді. Үкіметпен мемлекеттік тапсырыс дайындалғанда 50%-ына бизнестіӊ қатысуы қамтамасыз етіледі деген келісімге қол жеткіздік, бизнес өздеріне қажетті мамандарды және кәсіпорыннан қанша қажет екенін анықтайды. Кәсіби-техникалық білім беруде дәл осындай тәсіл білім алушылардыӊ алдағы уақытта жұмыспен қамтылатындарына сенімді болуға, кәсіпорындарды қажетті мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп хабарлады Тимур Құлыбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны