09.01.2017, 14:39 4243

Қазақстанда халық арасында девальвациялық күтулер төмендеуде

Ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты болып отыр. Бағамныӊ екі жаққа күнделікті ауытқуы қалыпты шектер шеӊберінде болды.

Алматы. 9 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты болып отыр. Бағамныӊ екі жаққа күнделікті ауытқуы қалыпты шектер шеӊберінде болды. Желтоқсанныӊ соӊында теӊгеніӊ биржалық бағамы бір айда 2,4%-ға (жыл басынан бастап 2%-ға) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 333,29 теӊгені құрады. Мұндай деректерді брифинг кезінде Қазақстан Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев жария етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ол халық арасында жүргізілген пікіртерім оныӊ девальвациялық күтулерініӊ кейбір төмендеуін көрсеткендігін атап өтті. Оған қоса, респонденттердіӊ үштен бір бөлігі мұнай бағасыныӊ серпінін тұрақты түрде бақылап отырады. "Осыған қарамастан, өткен жылдыӊ желтоқсанында валюта нарығына кәсіби қатысушылардыӊ, сондай-ақ халықтыӊ іс-әрекетін тиімді болды деп айтуға болмайды. Мұнайға деген әлемдік бағаныӊ 13%-дық өсуінен туындаған теӊгеніӊ нығаюы аясындашетел валютасына деген сұраныс жоғары болды", - деді Ұлттық Банк басшысы.

Сөзін қорытындылай келе Д.Ақышев "ағымдағы жағдайда шетел валютасына деген халықтыӊ сақталып отырған сұранысы айтарлықтай шығындарға әкелу тәуекеліне ұшырайды. Теӊгеніӊ АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамы 2016 жыл бойы құбылмалы болды және оныӊ ауытқуы 328-ден 384-ке дейінгі шекте болды. Бірақ өткен жылы 6%-ға әлсіреген еуроға салым инвестициялаудыӊ неғұрлым тиімсіз стратегиясы болды, оныӊ теӊгеге қатысты ауытқуы жыл бойы 343-тен 418-ке дейінгі шекте болды",-деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны