06.11.2017, 19:11 4570

Қазақстанда құрылыс саласындағы жаӊа стандарттар бойынша мамандарды даярлаумен айналысатын корпоративтік университет құрылды

Құрылыс саласыныӊ жаӊа стандарттарын уақытылы енгізу үшін "ҚазҚСҒЗИ" АҚ базасында жаӊа стандарттар бойынша жұмыс істейтін құрылыс саласыныӊ мамандарын даярлаумен айналысатын корпоративтік университет құрылды.

Алматы. 6 қараша. Kazakhstan Today - 2020 жылдан бастап Қазақтан жобалаудыӊ еуропалық стандарттарына (еурокодтарға) өтеді, сондай-ақ 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасындағы жауапты мемлекеттік объектілерді құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологияларын (ҚОАМТ) қолдана отырып салу жоспарланып отыр.

Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетініӊ тапсырмасы бойынша, 2017 жылдыӊ тамызынан бастап Қазақстанныӊ барлық өӊірлерінде құрылыс саласына еурокодтар мен ҚОАМТ пайдалана отырып, жаӊа нормативтік-техникалық базаны енгізу мәселелері бойынша кіріспе дәрістері өткізіліп жатыр.

Құрылыс саласыныӊ жаӊа стандарттарын уақытылы енгізу үшін "ҚазҚСҒЗИ" АҚ базасында жаӊа стандарттар бойынша жұмыс істейтін құрылыс саласыныӊ мамандарын даярлаумен айналысатын корпоративтік университет құрылды.

Қазіргі уақытта 300-ге жуық құрылыс ұйымдарыныӊ қызметкерлері оқудан өтті.

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ базасында Корпоративтік университет" құрылыс нарығыныӊ субъектілері үшін оқу процесстерін үйлестіру үшін құрылған. Біз құрылыс саласында жұмыс тәжірибесі бар мамандар үшін де, студенттер үшін де оқу өткіземіз. Қазіргі уақытта Алматы, Астана, Қарағанды қалаларындағы, Ақмола, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан, Оӊтүстік-Қазақстан, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Атырау, Маӊғыстау, Қызылорда және Шығыс-Қазақстан облыстарындағы құрылыс компанияларыныӊ мамандары оқудан өтті",- деді "ҚазҚСҒЗИ" АҚ бас директоры Бегман Кульбаев.

Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде бекітілген кестеге сәйкес, 2017 жылдыӊ 20 қарашасына дейін Ақтөбе қаласындағы құрылыс ұйымдарыныӊ мамандары оқытылады.

Анықтама

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ - өте күрделі инженерлік-геологиялық шарттарымен аудандарды және сейсмикалық қауіпті өӊірлерді қосқанда Қазақстанныӊ құрылыс саласын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты.

Институт 1931 жылдыӊ 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанныӊ құрылыс нарығында 85 жыл тәжірибесі бар.

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ Жалғыз Акционері Қазақстан Республикасыныӊ Иныестициялар және даму министрлігініӊ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табыладыдеп хабарлайды "ҚазҚСҒЗИ" АҚ PR-қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны