10.01.2017, 09:35 4203

Қазақстанда мүлікті заӊдастыру акциясы кезінде 5,7 трлн теӊге заӊдастырылды

Үкіметтіӊ кезекті отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда жүргізілген заӊдастырудыӊ аралық нәтижелері туралы есеп берді.

Астана. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today - Үкіметтіӊ кезекті отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда жүргізілген заӊдастырудыӊ аралық нәтижелері туралы есеп берді.

"Акцияға еліміздіӊ 140 мыӊнан астам азаматы қатысқан. Барлығы 5,7 трлн теӊге заӊдастырылды, оныӊ ішінде 4,1 трлн теӊгесі - ақшалай, 1,6 трлн теӊгесі - мүлік түрінде. 151 мыӊға жуық жылжымайтын мүлік, сонымен қатар заӊды тұлғаларға қатысудағы 213 үлес заӊдастырылды", - деді қаржы ведомствосыныӊ басшысы.

Спикердіӊ айтуынша, акцияныӊ соӊғы айларында халықтыӊ жоғары белсенділігі байқалды - 2016 жылдыӊ төртінші тоқсанында қаражаттыӊ 53% заӊдастырылды.

"Бұған 2015 жылдыӊ соӊында қабылданған түзетулер ықпал етті, оған сәйкес үдерістер жеӊілдетіліп, азаматтарға қосымша кепілдіктер берілді", - деді Б. Сұлтанов.

Ел ішінде 5 трлн теӊгеге, шетелдерде 0,7 трлн теӊгеге активтер заӊдастырылды, оныӊ ішінде 614 млрд теӊгесі - ақшалай, 70 млрд теӊгесі - мүлік түрінде. Ақшаны заӊдастыру үшін жалпы 11 821 есеп ашылды.

Өткізілген акция оӊ әсерін берді. Заӊдастырылған 151 мыӊ жылжымайтын мүлік нысанынан 9,5 мыӊ нысан коммерциялық жылжымайтын мүлік ретінде есепке алынған. Бұл жылына 800 млн теӊге көлемінде мүлік салығыныӊ түсуін арттырады. Екіншіден, заӊды айналымға 4,1 трлн теӊгеніӊ тартылуы бағалау бойынша жылына 150 млрд теӊге салық түсіреді. Басқаша айтқанда, 5,7 трлн теӊгені заӊдастыру негізгі экономикалық көрсеткіштерге қолдау жасады.

Қаржы министрі атап өткендей, 1,9 млрд теӊге банк есепшоттарында қалып отыр, бұл банк қорларыныӊ және экономиканы несиелендірудіӊ қосымша көзі болып табылады. Азаматтар 2,2 млрд теӊге көлеміндегі заӊдастырылған ақшаларын банктегі есепшоттарынан шешіп алған. Бұл қаражат инвестициялар, тұтыну немесе жинақтауға жұмсалған. Аталған жылжымайтын мүліктіӊ 1,6 млрд теӊгесі - несие алу үшін әлеуетті кепіл мүлік.

Жалпы, заӊдастыру көлемі бойынша көш басында Алматы қаласы - 3 трлн 981 млрд теӊге, Астана қ. - 533 млрд теӊге және Алматы облысы - 390 млрд теӊге.

Қаржы министрініӊ айтуынша, қолданыстағы заӊнама азаматтарға шетелдік көздерден алған кірістерін Қазақстанда декларациялауға міндеттейді. Мысалы, 2015 жыл ішінде ел азаматтары шамамен 700 млн АҚШ доллары көлеміндегі шетелдік кірістерін декларациялаған.

"Бұдан өзге, 2015-2017 жылдарға арналған Үкімет Қаулысымен бекітілген көлеӊкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шаралары жоспарыныӊ жүзеге асырылуы жалғасуда", - деп сөзін түйіндеді Б. Сұлтанов.

Еске сала кетейік, мүлікті заӊдастыру мәселелері туралы заӊ 2014 жылдыӊ қыркүйек айынан бастап күшіне енді. Кейінірек, жүргізіліп жатқан акцияныӊ динамикасын жақсарту мақсатында, Мемлекет басшысы мүлікті заӊдастыру шарттарын қайта қарастырып, заӊдастыру субъектілеріне қосымша кепілдіктер ұсыну туралы тапсырма берген болатын. Қазақстан Республикасыныӊ оған сәйкес келетін Заӊына 2015 жылдыӊ 13 қарашасында қол қойылып, 2015 жылдыӊ желтоқсан айынан бастап күшіне енген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны