11.06.2018, 15:10 5067

Қазақстандық әйелдер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарына 306 млрд теӊге жинаған

Ийелдер саны банк займшылары қатарында да жоғарырақ. Пәтер немесе үй сатып алу үшін несие ресімдеген әйел-клиенттердіӊ негізгі жасы 36 мен 45 аралығында. Оларға берілген займдардыӊ орташа мерзімі - 6,5 жыл.

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда депозит ашып, үй алуға деп ақша жинау көп жағдайда әйелдер бастамасымен жүзеге асады. ҚР Президенті жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысында сөз алған Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова осындай статистика келтірді.

Ұйым басшысы айтқан мәліметтерге қарағанда, қазіргі уақытта тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне 1 млн 100 адам қатысып жатыр және оныӊ 58%-ы - әйелдер.

- Баспана туралы қам қылып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне депозит ашу үшін келетін әйелдердіӊ басым бөлігі 25-35 жаста. Еӊ құнтты, үнемшіл әйелдер Алматыда тұрады деп айта аламыз: бұл қаладағы жалпы салымшылар санындағы әйелдер үлесі 63%-ға теӊ- ел бойынша максимал көрсеткіш. Ал еӊ төменгі көрсеткіш, яғни 44% көлеміндегі әйел-салымшылар үлесі Маӊғыстау облысындағы депозиттік қоржынға тиесілі. Бір қызығы, банктіӊ әйел-клиенттері үнемшіл болу және болашақты алдын-ала ойластыруды балаларына да үйретеді. Мұны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен ашылған 140 000-дай балалар депозитінен көруге болады. Аналарыныӊ мұндай көрегендігі аталған салым иелеріне болашақта пайдасын тигізері сөзсіз. Себебі кәмелеттік жасқа толған соӊ оларда баспана сатып алу мүмкіндігі болады, - дейді Ләззат Ибрагимова.

Ийелдер саны банк займшылары қатарында да жоғарырақ. Пәтер немесе үй сатып алу үшін несие ресімдеген әйел-клиенттердіӊ негізгі жасы 36 мен 45 аралығында. Оларға берілген займдардыӊ орташа мерзімі - 6,5 жыл.

Еӊ жауапты займшылар деп әйел-клиенттерді атауға болады. Несие бойынша өтеу мерзімін 90 күннен жоғары кешіктіріп алған займшылар арасындағы әйелдер үлесі бар болғаны 35%-ға теӊ.

Банк статистикасына сәйкес, соӊғы үш жылдыӊ ішінде 28 552 әйел Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ көмегімен қажет ақшаны жинап, жаӊа немесе қайталама нарықтан үй сатып алыпты. Осы мақсатта олардыӊ ҚТҚЖБ арқылы ресімдеген несиелерініӊ орташа сомасы 6 млн теӊгені құрайды.

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасыныӊ аясында (2017 жылдыӊ басынан бері) 4 105 әйел пәтер сатып алушылар пулына өтіп, баспаналы болған. Аталған бағдарлама бойынша ҚТҚЖБ желісі арқылы барлығы 7 577 пәтер сатылған еді. "Нұрлы жер" аясында берілген займдардыӊ орташа сомасы - 4,3 млн теӊге.

Қазіргі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша 2 702 пәтер пайдалануға беріліп, банк салымшылары арасында бөлістіру кезеӊінен өтіп жатыр. Сонымен қатар 2018 жылдыӊ соӊына дейін әкімдіктермен жасалған келісімге сәйкес "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ аясында тағы 14 251 пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

***

"Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ - еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны