05.01.2018, 17:28 6268

Қазақстандық дихандарды астықты электрондық сатып алуға үйретуде

Ақмола облысыныӊ аграрлық қызметкерлері үшін осындай семинарды ағымдағы жылдыӊ 5 қаӊтарында өткізу жоспарланып отыр.

Астана. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today -"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ-мен бірлесіп, дихандарды астықты электрондық сатып алуға үйретуде.

2018 жылдыӊ 4 қаӊтарында Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ-мен бірлесіп, өӊірдіӊ ауылшаруашылық тауарларыныӊ өндірушілеріне (АШТӨ) астықты электрондық сатып алу бойынша жаттықтырушы семинар ұйымдастырды.

Бұрынырақ хабарлағандай, бүгін электрондық астық жөніндегі қолхаттардыӊ ақпараттық жүйесінде (www.minagro.kzинтернет-ресурсы) www.gosreestr.kz - мемлекеттік мүлік тіркелімініӊ веб-порталыныӊ электрондық сауда алаӊында астық жөніндегі қолхаттар саудасы бойынша функционал ескерілген. Соӊғы ресурс астық жөніндегі қолхаттарды сату бойынша электрондық сауда алаӊына бірыӊғай қолжетімділік нүктесін білдіреді. www.minagro.kz интернет-ресурсыныӊ жеке кабинетінде астық иелері жоғарыда көрсетілген электрондық сауда алаӊында астық жөніндегі қолхаттарды сатуға қоя алады.

Өз кезегінде Азық-түлік келісім шарт корпорациясы қазіргі уақытта мемлекеттік мүлік тізілімініӊ веб-порталында астық жөніндегі қолхаттар сатып алу арқылы астықты сатып алу мүмкіндігіне ие.

Болжамдалған сатып алу түрініӊ басымдылығы астық өндіруші үйден шықпай, интернет арқылы компьютерінен немесе смартфоннан өтінім беріп, бидай сатып, ол үшін ақша ала алатынына негізделген. Сатып алу кезінде электрондық жүйе фермердіӊ Азық-түлік келісім шарт корпорациясыныӊ немесе әкімдіктіӊ өкілдерімен байланысуын болдырмайды.

Осы шараны орындау барысында Азық-түлік келісім шарт корпорациясы өкілдерініӊ айтуынша, бүгінгі таӊда астық нарығын тұрақтандыру бойынша шарашаларды қолдану аясында іс жүзінде екі негізгі мәселе шешілді.

Біріншіден, Азық-түлік келісім шарт корпорациясымен 2 млн. тонна көлемінде астықты сатып алу туралы жаӊалық нарыққа қарқындылық қосты. Егер сатып алу туралы хабарландыру қарсаӊында аграр қызметкерлері бидайдыӊ бір тоннасына 38 мыӊ теӊге сұраған болса, ал қазір бір тоннаныӊ бағасы 42 мыӊ теӊгеге өсті.

Екіншіден, астықты тасымалдау бойынша сұранысыныӊ белгілі тұрақтылығы байқалады.

Ақмола облысыныӊ аграрлық қызметкерлері үшін осындай семинарды ағымдағы жылдыӊ 5 қаӊтарында өткізу жоспарланып отыр.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны