12.10.2017, 16:50 5383

Қазақстандық газды Қытай нарығына экспорттауға жол ашылды

Қазақстан мен Қытай жылына 5 млрд. текше метр көлеміндегі қазақстандық газды экспорттау туралы тарихи келісімге қол қойды. Ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ осы экспорттық операциядан түсетін жылдық түсім 1 млрд АҚШ доллары болады деп болжап отыр.

Астана. 12 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Қытай жылына 5 млрд. текше метр көлеміндегі қазақстандық газды экспорттау туралы тарихи келісімге қол қойды. Ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ осы экспорттық операциядан түсетін жылдық түсім 1 млрд АҚШ доллары болады деп болжап отыр. Тауарлық газды сатып алу-сату туралы келісімшартқа Ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ мен "PetroChina International Company Limited" арасында қол қойылды.

Келісімге сәйкес, тауарлық газды экспорттау осы жылдыӊ 15-ші қазанында басталады. Газдыӊ ресурстық базасы ретінде Қазақстанныӊ батысындағы газ кен орындары және "ҚазТрансГаз" АҚ басқаруындағы жер асты газ қоймаларында жинақталған газ қоры айқындалып отыр. Қытай тарапыныӊ газды қабылдау алып пункті ретінде "Қорғас" шекара бекеті белгіленді.

Бұл келісімшартқа Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауарлық газды тасымалдау және транзит жөніндегі өзара тиімді әріптестік туралы үкіметаралық келісім алғышарт болды. Осы келісімге сәйкес Қазақстанныӊ батыс өӊірлеріндегі газ кен орындарында өндірілген тауарлық газды Өзбекстан аумағы арқылы оӊтүстік өӊірлерге тасымалдау қарастырылған. Яғни, қыс мезгілінде Қазақстанныӊ оӊтүстік өӊірлерін газбен тұрақты қамтамасыз ету және Қытайға газ экспорттау мүмкіндігін арттыруға қол жеткізілді. Атап өтерлігі, екі ел үкіметтерініӊ бұл уағдаластығы газ компанияларыныӊ өзара қарым-қатынасына жаӊа серпін беріп, өзара тиімді бағытта дамытуға жол ашты.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ газ тасымалдау және маркетинг жөніндегі вице-президенті Қайрат Шәріпбаев қазақстандық газды тасымалдаудыӊ транзиттік және экспорттық бағыттарын әртараптандыру,сондай-ақ көгілдір отын экспортыныӊ көлемін ұлғайту - Мемлекет басшысы белгілеген стратегиялық міндет екенін атап өтті. "Қазақстандық газдыӊ Қытайға экспортталуы екіжақты өзара тиімді қарым-қатынастарға, сондай-ақ жаӊа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту туралы Қазақстанныӊ стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға қосылған үлес" - деп атап өтті Қайрат Шәріпбаев.

Ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ отандық және шетелдік газ нарығында мемлекеттіӊ мүддесін білдіретін Қазақстан Республикасыныӊ негізгі газэнергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылады. Компания тауарлық газды магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері бойынша тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және газды ішкі және сыртқы нарықтарда сатумен айналысады, құбыр желілері мен газ қоймаларын салу, пайдалану және қаржыландыруды жүзеге асырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны