13.07.2017, 15:48 4664

Қазақстандық өнімдер Грузияда сатылатын болады

Грузияға Қазақстандық балмұздақты жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Бастапқы көлемі - айына 4 жүк көлігі. Бұл отандық өндірушіге жақсы кепілді тапсырыс болып табылмақ. Сонымен қатар, грузиялық супермаркеттерге биоқаптар жеткізілмек

Астана. 13 шілде. Kazakhstan Today - "KAZAKHINVEST" Ұлттық компаниясы Тбилисиде 19 қазақстандық өндірушілердіӊ өнімдерімен таныстыру мақсатында бизнес-форум өткізді. Форумныӊ нәтижесінде бірқатар экспорттық келісім-шарттарға қол қоюға әзірленуде.

-Грузияға Қазақстандық балмұздақты жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Бастапқы көлемі - айына 4 жүк көлігі. Бұл отандық өндірушіге жақсы кепілді тапсырыс болып табылмақ. Сонымен қатар, грузиялық супермаркеттерге биоқаптар жеткізілмек. Келесі жылдан бастап, Грузияда полиэтиленді қаптарды өндіруге және импорттауға тыйым салынады, сондықтан біздіӊ өндірушілер ұсынған өнім сауда желілері тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Айына еӊ төменгі жеткізу көлемі - 500 мыӊ бірлік, - деді "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мақсат Қабашев.

Ашылып жатқан экспорттық мүмкіндіктер отандық тауар өндірушілерге еуропалық әріптестермен ынтымақтастықты жоспарлауға мүмкіндік береді. Өнімдерді кейіннен ЕО елдеріне сату үшін оларды сертификаттау бойынша жұмыстар басталды.

- Біздіӊ өндірушілер еуропалық нарыққа шығу үшін, сертификаттаудыӊ барлық кезеӊдерін өтуге дайын. Қазақстандық өнімдер Грузияда сатыла асырыла бастады және болашақта экспорттық мүмкіндіктердіӊ кеӊейетіні қазірдіӊ өзінде айқын.Экспорттық қолдау -"KAZAKHINVEST" компаниясы жұмысыныӊ бағыттарыныӊ бірі. Біздіӊ басты мақсатымыз -еліміздееӊ алдымен экспортқа бағытталған өндірістерді құру үшін, Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту, - деді Мақсат Қабашев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны