06.08.2013, 14:16 5075

Қазақстандықтардың салымы 21 пайызға өсті

Ал, жалпы жыл басынан ел азаматтары депозиттеріне 3,1 триллион теңге жинапты. Орташа есеппен алғанда әр салымшының есеп шотында 185 мың теңгеден бар. 2012 жылмен салыстыратын болсақ жеке тұлғалардың есеп шотындағы қаражат 30 мың теңгеге көбейген.

Астана. 6-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстандықтардың салымы 21 пайызға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ranking.kz" сайтының хабарлауынша, бір жылда еліміздегі жеке тұлғалардың жедел немесе шартты салымдары 543 млрд. (21%) теңгеге өскен.

Ал, жалпы жыл басынан ел азаматтары депозиттеріне 3,1 триллион теңге жинапты. Орташа есеппен алғанда әр салымшының есеп шотында 185 мың теңгеден бар. 2012 жылмен салыстыратын болсақ жеке тұлғалардың есеп шотындағы қаражат 30 мың теңгеге көбейген.

Негізінен салымшылардың басым бөлігі оңтүстік астана тұрғындары болып табылады. Олардың әр қайсысының есеп шоттында орта есеппен бір миллион теңгеден астам ақша бар. Ұлттық банктің хабарлауынша, Алматы қаласының тұрғындары 1,5 триллион теңге жинақтаса, астаналықтар 355 млрд., қарағандылықтар 194 млрд. теңге жинаған. Қазақстан бойынша ең төмен салым Қызылорда облысында тіркеліп отыр. Олардың жиған ақшасы небәрі 31,2 млн. теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны