14.09.2018, 21:57 6304

Қазақстанныӊ алғашқы мысыныӊ қорытылғанына 90 жыл

Қарсақбай зауытыныӊ құрылысы 1913 жылы басталды. Алайда, бірінші дүниежүзілік және азаматтық соғыстардыӊ салдарынан қирап, тоқтап қалды. Зауыт 1928 жылы ашылып, Қазақстан өнеркәсібініӊ тарихына мыс өндірісініӊ негізін қалаушы кәсіпорын ретінде енді.

Қарағанды. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақмыс компаниясыныӊ ұжымы айтулы дата - Қазақстанныӊ алғашқы мысыныӊ қорытылғанына 90 жыл мерейтойын атап өтуде. Бұл оқиға 1928 жылы 19 қазанда Қарсақбай металлургиялық зауытында басталған еді.

Мерейтойлық датаны кеӊ көлемде атап өту шарасы 14 қыркүйек күні, Қарағанды облысыныӊ Қарсақбай кентінде өтті. Мерекелік бағдарламада - естелік шойынды балқыту, ардагерлер мен өндіріс озаттарын марапаттау, Құрметті металлург Қадыр Мәткеновтыӊ бюстін ашу, Қаныш Сәтбаев мұражай-үйініӊ қалпына келтірілгеннен кейінгі ашылуы, спорттық сайыстар, мерекелік концерт.

Бүгінде зауыттыӊ негізгі қызметі - "Kazakhmys Holding" ЖШС кәсіпорындарына қажетті шойын өнімдерін құю. Кәсіпорын компанияныӊ зауыт, фабрикаларында және кеніштерде қолданылатын құрал-жабдықтарға арналған құрамдас бөлшектер түріндегі 80 ге жуық тауарлы өнім шығарады.

Зауытта 200 ден астам адам еӊбек етеді. Кәсіпорын кент тұрғындары мен мекемелерді сумен, жылумен, көмірмен және электр қуатымен қамтамасыз етеді.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарушы кеӊесініӊ Бас директоры Бақтияр Қырықпышев: "Қарсақбай зауыты - Қазақстан металлургиясыныӊ даму бастауында тұрған, көпжылдық тарихы бар кәсіпорын. Еліміздіӊ металлургия кешенініӊ дамуы мен қалыптасуына үлес қосқан өндіріс ардагерлеріне үлкен алғысымды білдіремін. Бүгінде металлургия - Қазақстанныӊ дамуы мен гүлденуіне қызмет етуші сала. Қазақмыс металлургтері көп жылдан бері ауыр және жеӊіл өнеркәсіп кәсіпорындарыныӊ тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп келеді. Күнделікті еӊбектіӊ нәтижесі - планетамыздыӊ барлық құрлықтарында сұранысқа ие жоғары металлопрокат".

Қарсақбай зауытыныӊ құрылысы 1913 жылы басталды. Алайда, бірінші дүниежүзілік және азаматтық соғыстардыӊ салдарынан қирап, тоқтап қалды. Зауыт 1928 жылы ашылып, Қазақстан өнеркәсібініӊ тарихына мыс өндірісініӊ негізін қалаушы кәсіпорын ретінде енді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында зауытта әскери материалдар шығаратын қосымша цех ашылды. Қарсақбай мыс қорыту зауыты 1975 жылдыӊ 1 шілдесіне дейін жұмыс істеді. Сол жылы Түсті металлургия министрлігініӊ шешімімен жұмысы тоқтап қалған мыс қорыту зауытыныӊ орнына Қарсақбай металлургиялық зауыты іске қосылды. 1997 жылдан бастап кәсіпорын "Қазақмыс" корпорациясыныӊ құрамына енді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны